Денсаулық

Жаңа қаулы. Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді

  • Көрнекі фото

    Көрнекі фото

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды qamshy.kz.

 

Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді. Қаулыда ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберілмейтіні жазылған. Бұл өзгеріс шетелден Қазақстанға ұшып келетін рейстерге қатысты.

 

Сонымен қатар құжатта 1-қосымшаның 5-тармағы, яғни қазақстандықтарды коронавирусқа тексеру үшін екі тәулікке оқшауға алады деген талапты алып тастау туралы жазылған.

 

"Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлері, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды.

 

Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдайды" делінген құжатта.

 

Қаулының толық нұсқасы мына жерде.




Көрілген: 898    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 18:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31