Жаңа пандемияның алдында тұрмыз: Бүкіл әлемде қайдан шыққаны белгісіз балалар гепатиті жағдайлары өсуде

28 сәуір 2022, 21:15

Сәуір айының ортасында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) балаларда гепатиттің өршуі туралы хабарлады. Балалардың арасында бұл дерттің өршуінің себебі әлі анықталмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда АҚШ пен Еуропаның 11 елінде шығу тегі белгісіз жедел гепатиттің 170-ке жуық жағдайы тіркелгені белгілі.

Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Ұлыбританияда тіркелді. Ол жерде қазір 114 бала ауру жұқтырған. Бұл ауру Испанияда, Данияда, Израильде және басқа да бірқатар елдерде тіркелген.

Аурудың салдарынан кем дегенде бір баланың қайтыс болғаны белгілі, ал 1 айдан 16 жасқа дейінгі 17 балаға шұғыл бауыр трансплантациясы қажет болды.

Дәрігерлердің айтуынша, аурудың белгілері жедел гепатитке сәйкес келеді, кейбір жағдайларда асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, сарғаю және бауыр ферменттерінің жоғарылауы байқалады.

Бұл ретте, жедел гепатитті тудыратын кең таралған вирустардың ешбір жағдайда анықталмағаны дәрігерлерді таң қалдырады.

Аурудың пайда болуы мен басқа елдерге таралу арасындағы тікелей байланыс табылған жоқ, сондықтан ДДСҰ әзірге ауру жағдайлары анықталған елдермен шетелге саяхатқа немесе саудаға шектеулер туралы ұсынымдар бермейді.

Stan.kz