Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок жаңа туған шараналарға генетикалық тест жүргізілетінін жария етті.
Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты.
Алайда, шараналарға туа сала жүргізілетін міндетті генетикалық тестің қашан енгізілетіні айтылмаған.
Осылайша тұманды Альбион елі әр баланың денсаулығын туа сала медициналық бақылауға алуды жоспарлап отыр.
Осылайша шарананың ата-анасы перзентінің бойында тұқым қуалайтын қандай ауру бар екенін ерте біле алатын болады. Тұқым қуалайтын ауру анықталған жағдайда оның емін ерте басын қолға алатын болады.