Денсаулық

Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «жасыл» аймаққа қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жаңа құжатта бизнес нысандары екі блокқа бөлінген: Ashyq қосымшасына қатысатын және қатыспайтын нысандар.

Супермаркет, азық-түлік сатпайтын дүкендер, азық-түлік сататын және сатпайтын базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды.

 

Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

 

Құжатқа сәйкес, тұрғындардың қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген обьектілерге барғанда, сондай-ақ ашық аспан астында көпшілік орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық аспан астында спортпен айналысқанды қоспағанда) маска тағуға, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға және антисептиктерді қолдауға қатысты қойылатын талаптарын орындауын және оларға қызметіне рұқсат етілмеген нысандарға баруға тыйым салынады;

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 15 адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат;

 

Қоғамдық тамақтану орындары бойынша - егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы - 50 пайыз, бірақ 70 орыннан аспауы керек.

Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.

 

Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді.

Егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

 

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден таныса аласыз.

 

Қаулы 19 маусым күні күшіне енеді, яғни «жасыл» аймаққа кіргеннен кейін 7 күннен соң.

 

 




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 20:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31