Денсаулық

Жануарлардан адамға қауіпті 850 мың вирус түрі анықталды

  • Жануарлардан адамға қауіпті 850 мың вирус түрі анықталды

    Жануарлардан адамға қауіпті 850 мың вирус түрі анықталды

Халықаралық ғалымдар тобы құстар мен сүтқоректілерден 850 мыңға жуық вирус анықтады, олардың әрқайсы қазіргідей пандемия тудыра алады.

Есепті биология, экология және вирусология салаларындағы 22 сарапшы дайындап, биосфера, экожүйеге қызмет көрсету жөніндегі үкіметаралық зерттеулер мен саясат платформасында (IPBES) мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, жарғанаттар, кеміргіштер мен маймылдар адамға жұғуы мүмкін 540 мыңнан 850 мыңға жуық вирус тасымалдайды. Мұндай жағдайда жыл сайын пандемия тудыруы мүмкін 5 жаңа аурудың пайда болу қаупі бар.

Ғалымдар бұл аурулардың пайда болуына жабайы табиғатты кінәлау дұрыс емес деп санайды. Олардың пікірінше, пандемиялар, оның ішінде коронавирус пандемиясы адам іс-әрекеті және оның қоршаған ортаға әсері нәтижесінде туған.

Айта кетейік, осыған дейін ғалымдар жарқанаттың не үшін қауіпті вирустар таситынын анықтаған еді. Зерттеулер көрсеткендей, инфекция жарқанаттар ағзасында тез және күшті иммундық реакцияны қоздырады. Бұл реакция бір жағынан осы тіршілік иелерін қорғайды, ал екінші жағынан агрессив иммундық реакция вирустардың белсенді көбеюіне және қоршаған ортаға бейімделуіне себеп болады.

Осылай жарқанаттар ағзасы вирустар үшін көбейетін орын болады да, олар иммун жүйесі әлсіз басқа жануарлар мен адамға өтсе қауіпті ауруға айналады.

"Мықты иммун жүйесі жарқанаттар ағзасын вирустардан сақтайды. Ал оған жұққан вирус жарқанат ағзасына зиян тигізбей көбейе береді. Бірақ күшті иммунитке ие болмаған тіршілік иелеріне (адамдарға) өткенде вирус асқынып кетеді" - дейді зерттеушілердің бірі Кара Брук.

Мұндай қауіпті вирустар көбіне адам ағзасына тамақ арқылы енеді.

massaget.kz




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31