Денсаулық

"Жас мамандарға жағдай жасалуы тиіс": Біртанов облыс әкімдерін сынға алды

  • "Жас мамандарға жағдай жасалуы тиіс": Біртанов облыс әкімдерін сынға алды



Біртанов облыс әкімдерін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірқатар әріптестерімен ауылдағы денсаулық сақтау саласын қадағалап, медициналық мекемелердің жағдайын білу мақсатында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай ауылына ат басын бұрған. Шара барысында министр "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауылға келген дәрігерлердің жағдайын көріп таңқалған.


"Мен не көрдім? Үш жас дәрігер бір жыл бұрын "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауылға келген. Ешқайсысы уәде етілген баспанаға қол жеткізе алмапты. Әкімдер жас мамандардың жағдайын қадағаламайды. Арнайы барып, жас дәрігерлер тұратын жатақхананы көрдім. Дәрігерлер қонақ үйде тұруға мәжбүр. 7 жыл білім алғаннан кейін, дәрігерлер ауылға келгенде оларды жергілікті әкімшілік осылай қарсалған", - дейді Біртанов.


Ауылда медициналық көмек көрсететін адамдардың саны аз дейді Біртанов. Сонымен қатар министр бұл жағдайдың себебін де түсіндіріп, жас мамандарға жағдай жасалмаған деп облыс әкімдерін сынның астына алды.


"Бұл мекенде 9 мың адамға 3 дәрігер. Дәрігерлік амбулаторияда 2 дәрігер жұмыс істейді. Ал үшінші маман 8 ай бойы жылжымалы медорталықта қызмет атқарады. Олардың өмірі мен жұмысына жағдай жасалуы тиіс. Оларға ауылдан жалға жақсы үй алып беруге немесе жеке үй салып беруге болмайды ма? Осылайша мамандарды ауылдан бездіреміз", - дейді  денсаулық сақтау министрі.


Мемлекеттік грантта оқыған студенттерге үш жыл бекітілген орында қызмет ету міндеттелсе де, жастарға жағдай жасалмаса, бұлай істеудің қажетсіз болып қаларын жеткізген министр. 


"Биылғы жылдан бастап, мемлекеттік грантта білім алған студенттер арнайы мекемелерге белгіленіп, үш жыл қызмет істеуге міндеттеледі. Бірақ бұл шара баспана мәселесі мен жас мамандарға қолдау көрсетілмейінше өз нәтижесін бермейді", - дейді Біртанов. 


 



 

 




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.06.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31