Денсаулық

Жастар арасында коронавирус өршіп барады: Алматыда 1 мамырдан бастап карантин күшейтілуі мүмкін

  • Жастар арасында коронавирус өршіп барады: Алматыда 1 мамырдан бастап карантин күшейтілуі мүмкін

    Жастар арасында коронавирус өршіп барады: Алматыда 1 мамырдан бастап карантин күшейтілуі мүмкін

Екі айдан бері «қызыл аймақтан» шыға алмай келе жатқан Алматыда 1 мамырдан бастап карантин қазіргіден де күшейтілуі мүмкін. Яғни, Бекшиннің жаңа қаулысы ертең шығуы ықтимал. Эпидемиялық ахуал, әсіресе, жастар арасында өршіп барады дейді мамандар.

Олардың көбі инфекцияны түнгі қыдырыстан кейін жұқтырып, ауруханаға түсіп жатыр, деп хабарлады 31 арна.

 
Алматыда жастардың вирус жұқтыру көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда 2 есе көбейген. Басым бөлігі кафе-ресторанға барып, артынша науқастанып жатыр екен. Мамыр айының 11 күні демалыспен өтетінін ескерген мамандар жақын күндері Бекшиннің жаңа қаулысы шығуы мүмкін деп отыр. Бұл жолы сөзсіз каратин қатаңдатылады дейді.

"Наурызда жастар арасында ковидпен науқастанғандар -2 мың 200 болса, сәуірде 4 мыңға жуық. Енді мереке және демалыс күндері карантин талаптарын қатаңдату бойынша жаңа қаулы пысықталып жатыр. Құжатқа 1-2 күнде қол қойылады деп отырмыз", - деді Алматы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова.

Бір аптаның ішінде карантин талаптарын бұзған 700 мекеменің әр қайсысына 670 мың теңгеден айыппұл салынған. Олардың тең жартысы осымен бірнеше рет қаулыға қарсы жұмыс істеп келген. Кәсіпкерлік палата өкілдері, вирус кафеден гөрі автобуста көп деп есептейді.

"Автобуста кафеден гөрі адам 10 есе көп қой. Кафеде арақашықтық бар, жоқ дегенде 1-2 метр. Ал автобуста бәрі қысылып отырады бір-бірімен, алдымен содан бастау керек. Біледі ғой, өздері заң бұзып отырғандарын түсінеді. Бірақ басқа амалымыз жоқ деп айтады", - деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Алмалы аудандық филиал директоры Айдос Смайыл.

Өткен тәулікте мегаполисте 695 адам ковид жұқтырып, 5 науқас қайтыс болған. Ал індетке қарсы екпені 3 айдың ішінде 202 мың алматылық салдырыпты. Ұжымдық иммуниетті қалалықтардың 70 пайызы вакцина алғанда қалыптасады деп жүргенде 4 айдың ішінде 1 мың 795 кәсіпкер дөңгелетіп келген бизнесін амалсыздан жауып тастапты. 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 10:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30