Жасы 60-тан асқан адамдар үшін ревакцинация процесі басталды

14 қаңтар 2022, 18:13

Ел аумағында жасы 60-тан асқан бүкіл азаматтардың барлығына америкалық өндірістен шыққан Пфайзер вакцинациясы мен ревакцинация басталды.

 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының № 15 емхана дәрігері Дінмұхаммед Қазтай мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, қазіргі таңда вакцинаның тиімділігі дәлелденген.

 

Біріншіден, ревакцинацияның басты мақсаты – адам ағзасындағы жаңадан иммунитет клеткаларының түзілуін қалпына келтіру. Екіншіден, ел аумағындағы коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу. Үшіншіден, асқыну процестерін алдын алу болып табылады, -деді Д. Қазтай.

 

 

 

 

baq.kz