Денсаулық

ЖИТС жұқтырған анадан дені сау бала туылды

  • ©www.zdorovieinfo.ru

    ©www.zdorovieinfo.ru

Ресми дереккке сүйенсек, күн сайын әлемде 5500 адам СПИД (бұдан ары қарай-ЖИТС- авт.) ауруынан көз жұмады екен. Осы дерт қоғамда пайда болғаннан бері (1981 жылы АҚШ-та тіркелгеннен бастап-авт) әлемде 30 млн.-нан астам адам қайтыс болған екен. «Ғасыр дерті» атанған осынау қасірет қазақ жеріне ауыз сала бастағалы он жылдан астам уақыт болды. Астарынан ажал араны сығалаған ауруды тасымалдаушылар саны жағынан еліміздегі алдыңғы орындағы үш қаланың бірі- Астана. Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, ағымдағы жылдың өткен он айында Астанада АИТВ инфекциясын жұқтырудың жаңадан 104 оқиғасы тіркелген. Соны қоса алғанда, бүгінгі жағдайды Астанада мұндай инфекцияға шалдығудың барлығы 814 ке жеттті. Бұл 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 85,4-ті құрайды.

Жалпы, аты қандай тітіркендірсе, ЖИТС-ке ұрыну себептерінің өзі аза бойыңды қаза қылады. Жыныстық қатынасқа құмарлық пен есірткімен әуестенудің ақыры негізгі екі себеп болып табылса, ЖИТС-ке ұшыраған анадан баласына ауысу арқылы да оның өрістеуіне жол ташық.

Еркінбек ТОҚТАРҰЛЫ, Астана қаласы СПИД-ке қарсы күрес орталығының маманы:

– Ауруға шалдыққандардың 52,9 пайызы вирусты жыныстық жолмен жұқтырғандар, ал 40,4 пайызы – есірткі қолданушылар, 0,3 пайызы – инфекцияға шалдыққан аналар дүниеге әкелген балалар болып табылады. 6,4 пайыз жағдай бойынша індеттің берілужолын анықтау мүмкін болмаған. Сонымен бірге осы уақытқа дейін 14 жасқа дейінгі балалар арасында АИТВ-ны жұқтырудың 8 оқиғасытіркелді. ЖИТС диагнозы 16 науқасқа қойылса, оның салдарынан қайтыс болғандардың саны 60-қа жетіп отыр.

Орталық маманының айтуынша, Астанада ЖИТС диагнозымен үш адам өмір сүруде. Негізінен қоғамда ЖИТС-пен ауыратын адам көп ұзамай өлетіндей көзқарас қалыптасқан. Шындығында бұл-дауасы жоқ ауру болғанымен, мамандар көмегіне жүгініп уақытылы дәрі-дәрмегін қабылдап, өзін күтімде ұстаса кәдімгі қарттық жасына дейін өмір сүруіне мүмкіндік бар екен. Сондай-ақ осы аурумен ауыратын әйелдер ана болу құқығына ие болып отыр. - Осындай ВИЧ жұқпасымен ауыратын аналарымыздан 74 бала дүниеге келіп оның 41-інің дені сауболып туылды. Бұл аурумен күрестегі медициналық жетістік болып саналады, -дейді Еркінбек Тоқтарұлы. - Сондықтан да жұқпаның таралуының алдын алу – бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі.

Википедиядағы анықтамалыққа көз жүгіртсек, осы тақырыпқа байланысты мындай кереғар жолдар кездеседі: ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шетелдіктер республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінен табылса ғана (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет...

Мұны қалай түсінуге болады? Бизнестен шеттетуге болмайды, делік, бірақ дәріханалар мен шаштараздардың көбісі кәсіпкерлердің жеке иелігінде емес пе?.. Қайта тұрмыстық қызмет көрсететін жұмыс орындарына қабылданатындарды қатаң медициналық тексеруден өткізіп тұруға міндетті емеспіз бе?.. Сонда қатерлі дерттің алдын-алудың бір жолы сол болып табылады ғой. Байқалған жағдайда жұмыс орнына дабыра қылмай, бірден СПИД орталығына аттандырып, ары қарай не істеу керектігін жұмыс берушінің өзі мамандар кеңесіне жүгіне отырып шешпеуші ме еді?!

... Алда дүниежүзі елімізге көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі келе жатыр. Әлемнің 140-тан астам елінен келетін 2,5 млн.ға жуық турист бірнеше ай бойы Қазақстанда болады. «Жаман айтпай жақсы жоқ», олардың бәрі де «сүттен ақ судан таза» болып келетініне кім кепілдік бере алады. Нақ сол кезде қонақ үйлерде отқа үймелеген көбелектей болып жүретін жезөкшелердің тән саудасы қызып шыға келмесіне кім кепілдік бере алады? Әрине, мұны атқарушы билік ескермей отыр деуге болмайды. Бірақ, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, барымызды көрсетеміз деп отырып, сол кезде өріп жүретін шетелдіктердің ішінде өмірімізді ойрандап кететіндердің де келуі мүмкін екендігін естен шығармағанымыз жөн.


 

Автор: Сәтжан Қасымжанұлы, Астана қаласы.




Көрілген: 2876    Пікірлер: 0

сенбі, 01.11.2014, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31