Денсаулық

Жүкті әйелдерде «Спутник V» препаратына жағымсыз реакциялар анықталған жоқ

  • Жүкті әйелдерде «Спутник V» препаратына жағымсыз реакциялар анықталған жоқ

    Жүкті әйелдерде «Спутник V» препаратына жағымсыз реакциялар анықталған жоқ

Жүкті әйелдерде «Спутник V» препаратына елеулі жағымсыз реакциялар анықталған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«21 жүкті әйелге жүргізілген коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу барысында ауырдың асқыну жағдайлары байқалған жоқ», - деп хабарлады Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы.

Осыған байланысты, жүкті әйелдерді COVID-19 препаратымен вакциналау мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруға басымдық берілуде. Себебі жүктілік кезіндегі ауру қауіп тудырады.

Сонымен қатар орталық ғалымдары жүкті әйелдерде вакцинаны қолдану қауіпсіздігін бағалау үшін сүтқоректілерге қосымша клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізді. Жүктілік кезінде вакцина алған жануарлар төлдеді. Жаңа туған жануарларды тексеру нәтижесінде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.

Гамалея атындағы ғылыми орталықтың директоры Александр Гинцбург «Спутник V вакцинасын қабылдағандардан алынған сарысу Сovid-19 вирусының әртүрлі генетикалық өзгертілген штамдарына тиімділігі бойынша зерттелетінін жеткізді. Зерттеу жұмыстары Италиядағы жетекші еуропалық Микробиология және пульмонология институтында өтеді деп жоспарлануда.

Гинцбургтің айтуынша, бұл жаңа штамдардың пайда болуына байланысты коронавирусқа қарсы вакцинация мерзіміне түзетулер енгізуге қатысты сұраққа ғылыми жауап болады.




Көрілген: 1024    Пікірлер: 0

сенбі, 22.05.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Маусым, 09:04
    Үнді штамының қаупі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31