Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жыл басынан бері 6,5 мың қазақстандық әйел ЭКО жасатқан

23 желтоқсан 2022, 17:27

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда «Аңсаған Сәби» бағдарламасы аясында 6,5 мың әйел экстракорпоралды ұрықтандырудан (ЭКҰ) өткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім еткендей, «Аңсаған Сәби» бағдарламасы 2021 жылдан бастап іске қосылды. Ол жыл сайын 7000 ЭКҰ квотасын береді.

 

Вячеслав Дудник, Денсаулық сақтау вице-министрі:  

 

– 2022 жылы бағдарламамен 6,5 мың әйел қамтылса, қалғаны кезекте тұр. "Аңсаған Сәби" бағдарламасы бойынша бұрын жасалған ЭКО процедураларының нәтижесінде 2654 отбасында көптен күткен 3110 бала дүниеге келді".

 

Оның айтуынша, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім көрсетуді жақсарту мақсатында елімізде халықаралық стандарттарға сай заманауи 11 перинаталдық орталық салу да жоспарда бар.

 

Белгілі акушер-гинеколог, репродуктолог Вячеслав Локшин Zakon.kz тілшісіне елімізде күрделі медициналық-әлеуметтік мәселе - бедеуліктің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.