Елімізде жыл сайын орта есеппен 2500 - 4000 нәресте түрлі туабіткен дерттермен дүниеге келеді. Мұндай деректер Ашық НҚА порталында жариялаған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында келтірілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
«Қазақстанда жылына орташа есеппен 2500 - 4 000 жаңа туған нәресте әртүрлі туа біткен ауытқуларымен және даму кемшіліктерімен дүниеге келеді. 2500-ге жуық нәресте жаңа туған кезеңде хирургиялық көмекті қажет етеді. Республика бойынша хирургиялық көмек көрсетілген нәрестелер саны 11,6%-ға ұлғайды, бұл ретте шұғыл операциялардың үлесі - 61,1%. Жыл сайын шамамен 3 845 сәбидің жүрегіне ота жасау қажет болады», - делінген тұжырымдамада.
Қоса кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі алдағы 7 жылға арналған Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, құжатты ашық талқылауға шығарды.