Денсаулық

Қан қысымын үй жағдайында төмендетудің 6 құралы

  • Қан қысымын үй жағдайында төмендетудің 6 құралы

    Қан қысымын үй жағдайында төмендетудің 6 құралы

Гипертония немесе жоғары қан қысымы ағзадағы жүректің жұмыс жасауына кедергі келтіретін бірден-бір факторлардың бірі. Біз үй жағдайында қан қысымын ретке келтіруге көмектесетін табиғи құрам туралы айтатын боламыз.


Алайда бұл құралдардың аса жоғары пайдасы бола тұра, дәрігерге көрініп, кеңес алуды жөн санағаныңыз абзал.


Жоғары қан қысымы және осы жағдайдың белгілері


Дәрігер қан қысымын бірнеше рет өлшей отырып анықтай алады. Гипертония кезінде адам мынадай белгілерді сезінуі әбден мүмкін: бастың қатты ауыруы, кеуде тұсының ауруы, көздің бұлдырауы, беттің қызаруы, бастың айналуы, жүректің айнуы және құсу.


Гипертонияны емдеу


Гипертониясы анықталған адам өзін күтінуі қажет, артық салмақтан арылуы тиіс (артық салмақтың болуы гипертония кезінде өте қиын). Бұл үшін дұрыс тамақтанып, құнарлы жеміс-жидектерден тұратын, сондай-ақ майы аз тағамдарды тұтынғаны дұрыс. Тұзды қолдануды азайтып, шылым шекпей, ішімдік ішпей, дене жаттығуларын жасауға кеңес беріледі.


Алайда жоғары қан қысымын ретке келтіруге мұның өзі аздық етіп жатады. Көбіне-көп дәрі-дәрмекке жүгінуге тура келеді.


Жоғары қан қысымын ретке келтіруге көмектесетін үй құралдары


Лимон шырыны және ақжелкен


Лимон шырыны мен ақжелкеннің қосындысы несеп айдағыш қасиетке ие. Ағзадағы артық сұйықтықты шығару арқылы өзге де зиянды заттар шығып, бұл қан қысымының төмендеуіне көмектеседі.


Қажетті заттар:

1 лимон шырыны

1 стакан су

1 ас қасық туралған ақжелкен (10 г).


Дайындау тәсілі:

Барлық заттарды блендер ыдысына салып, араластырыңыз. Қарсы көрсетілімдер болмаса, күніне 1 стаканнан ішуге кеңес беріледі.


Сарымсақ


Көптеген мамандар сарымсақты қан қысымын ретке келтіретін бірден-бір құрал деп санайды. Ол сонымен қатар қандағы холестерин құрамын да азайтады.


Сарымсақты сіз таблетка түрінде не капсула түрінде де пайдалана аласыз, ең дұрысы шикілей тұтыну. Күніне бір сарымсақты жеуіңіз қажет. Одан пайданы көбірек алу үшін алдымен оны су құйылған ыдысқа бірнеше сағатқа салып қойған дұрыс.


Сұлы жармасы


Сұлы жармасында тағам талшықтары өте мол ұшырасады. Жасұнықты пайдалану да қан құрамындағы холестериннің 5% пайызға азаюына түрткі болары анық. Сұлы жармасын таңғы асқа тұтыну қан қысымын ретке келтіреді.


Ащы шоколад


Ащы шоколад құрамында (какао мөлшері 70%-дан кем емес) флаваноид секілді белсенді құралдар бар. Олар қан қысымын ретке келтіріп, ағзаға пайда әкеле алады. Бұл жерде шоколадтың ащы болғаны маңыздырақ, какао мөлшері көп болғаны анағұрлым пайдалы. Бұл үшін сүтті шоколад пайдасыз.


Зәйтүн майы


Өзге де пайдалы заттардан бөлек, зәйтүн майы да қан қысымын реттеуге жәрдемдесе алады. Ол атақты «Жерорта теңізі диетасының» ажырамас бөлігі, сондықтан да қандағы холестеринді азайтуға әрі сусамырды бақылауға жақсы көмек бере алады.


Лаванда


Қан қысымын түсіретін тағы да бір табиғи өнім лаванда екені елгілі. Бұл өсімдікті алдын ала дайындап, артынша одан тұнба әзірлеуге болады. Сонымен қатар оны таблетка не капсула түрінде де тұтынуға мүмкіндігіңіз бар, дәріханаларда қол жетімді.


Үй жануарлары


Үйіңізде ит не мысық болса, тіптен жақсы! Олар сіздің қан қысымыңызды реттейтін айрықша құрал болуы мүмкін. Тіпті аквариумыңыздағы балықтың өзіне зер салып қарасаңыз, бұл да қан қысымының мейлінше төмендеуіне әкеп соқтырады.


Терапияның бұл түрі қан қысымы күйзелістен туған жағдайда жақсы әсер береді.


Дереккөзі: ​orthodox.od.ua


reactor.inform.kz




Көрілген: 1916    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.11.2018, 17:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30