Денсаулық

Қандай сырқаты бар әйелдерге «эко» жасатуға болмайды

  • Қандай сырқаты бар әйелдерге «эко» жасатуға болмайды

    Қандай сырқаты бар әйелдерге «эко» жасатуға болмайды

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева экстракорпоральды ұрықтандыруға қарсы медициналық көрсетілімдерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жатыр қосылымына эмбрионды имплантацияға кедергі келтіретін туа біткен, жүре біткен ақаулар, жүктілік қарсаңында қарсы көрсетілімі бар психологиялық, соматикалық өзгерістер, операциямен емдеуді қажет ететін аналық бездер, жатырдың қатерсіз ісіктері, онкология, жедел қабыну, кез келген локализация онкологиясы, есірткі мен алкогольге тәуелділік, жатыр қосалқыларының гидросальпингсі, сактосальпинкс, жатырдың синехиясыз ісіктері жатырдан тыс ұрықтандыруға кедергі жасап, нәтижесін төмендететін және болдырмайтын қарсы көрсетілім болып саналады», - деді маман.

Аталмыш шарада Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында биыл 40 нәресте дүниеге келгенін мәлім етті.

«10 қарашадағы жағдай бойынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 6 мың емделушіге «эко» жасалды. Бұл бүкіл жоспарлы көлемнің 84 пайызы деген сөз. Тағы 740 пациент осы бағдарламаға қатысып бастады. 2000-нан астам жүкті әйел есепке алынды. Бүгінгі таңда аталған бағжарлама бойынша 40 нәресте дүниеге келді», - деді департамент директоры.




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 17:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31