Денсаулық

Қандай тағамдарды қайта жылыту қауіпті екенін білесіз бе

  • Қандай тағамдарды қайта жылыту қауіпті екенін білесіз бе

    Қандай тағамдарды қайта жылыту қауіпті екенін білесіз бе

Ресейлік диетолог, терапевт Ольга Лушникова қандай тағамдарды қайта жылытуға болмайтынын жеткізді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. 

Кейбір өнімдерді қайта жылытуға болмайды, өйткені мұндай тағамды қолдану қауіпті болуы ықтимал, дейді Ольга Лушникова. Диетологтың сөзінше, әңгіме саңырауқұлақтар, жұмыртқа, сарымсақ, тауық еті және кез келген басқа ет, сондай-ақ күріш, шпинат және қызылша туралы. "Құрамында нитраттар бар, олар нитрозаминдерге айналады және адам ағзасына улы. Егер сізде, мысалы, қандай да бір пісірілген ет сақталса, келесі күні оны салқын түрде жеген немесе тіскебасарға қосқан дұрыс, бірақ оны қайта жылытпаңыз", – дейді ол. Сонымен қатар, маман "асқазан-ішек жолдары проблемалары бар адамдар суық тағамдардан бас тартқаны дұрыс" деген пікірде. 

Бұған дейін диетолог бірнеше күн бұрын дайындалған тағам қауіпті екенін айтқан: онда бактериялар белсенді түрде көбейеді. Ольга Лушникованың пікірінше, дайындалған тағамның қалғанын екі сағаттан кешіктірмей тоңазытқышқа салу керек. 




Көрілген: 871    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 22:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31