Денсаулық

Қапшағайда жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қапшағайда жедел-жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратты. Қазір екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні «Ватсап» желісі арқылы екі адамның коронавирус індетін жұқтырды деген күдікпен түскендігі жөнінде ақпарат тараған.

 

Құзырлы орган ақпаратты тексергенде бұл хабарламаның жалған екені анықталған.

 

«Жедел-іздестіру барысында екі күдікті ұсталды. Олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханадағы жедел-жәрдемнің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екі ер азаматқа жалған ақпарат таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады», деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Қазір екі күдікті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 1-тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылады. Істі Қапшағай қаласының тергеушілері жүргізіп жатыр.

 

Тергеу барысында ұсталған күдіктілер арнайы қолхатпен жіберілген.

 




Көрілген: 219    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 12:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30