Денсаулық

Карантин талаптары. Мемлекеттік Бас санитардың жаңа қаулысы

  • Сурет : ҚР ДСМ баспасөз қызметі

    Сурет : ҚР ДСМ баспасөз қызметі

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысы шықты.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 25 хаттамасының 3.2-тармағын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін.

 

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары:

 

1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында мынадай:

 

- осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшалардың талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;

 

- педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

 

- ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

 

- маска режимін сақтау;

 

- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

 

- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

 

- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

 

- педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

 

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

 

- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

 

- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

 

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқытуды;

 

2) асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейтуді;

 

3) бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыруды;

 

4) оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды;

 

5) шетелдік студенттерді:

 

- тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы;

 

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберуді;

 

6) (қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рұқсат етілетін, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19-мен ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар болған кезде  кіруіне рұқсат етуді;

 

7) педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu,Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz платформасындағы аналог) арқылы тіркелу кезінде кіруге рұқсат етуді қамтамасыз етсін;

 

8) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:

 

- респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);

 

- QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;

 

- COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.

 

3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:

 

1) карантинді енгізуге сараланған тәсілді:

 

- сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде –сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады;

 

- бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде Орта білім беру ұйымында тіркелген кезде-ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

 

- колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30%-дан астамы тіркелген кезде – ағын 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

 

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен келісу бойынша барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, орта орта білім беру ұйымдарына, колледжге, жоғары оқу орнына карантин енгізу мәселесін шешуді;

 

3) оқу процесі басталар алдында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге және жоғары оқу орындарына осы қаулыда көзделген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қаулылар шығаруды;

 

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарын білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары мен персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайы туралы уақтылы хабардар етуге (шұғыл хабарлама/ақпарат алған кезден бастап 24 сағат ішінде), сондай-ақ олардың арасында COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас жасайтын адамдарды анықтауға:

 

- осы білім беру ұйымына қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына;

 

- білім беру басқармасына;

 

- білім беру ұйымдарына жауапты етіп айқындауды қамтамасыз етсін.

 

4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:

 

1) орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды;

 

2) білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруымен ауыратын білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдарының персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдауды қамтмасыз етсін;

 

3) тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасу үшін білім  беру басқармалары мен білім беру ұйымдарында жауапты адамдарды айқындасын.

 

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері:

 

1) Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік студенттерге:

 

- тұрғылықты елдің уәкілетті органы берген вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;

 

- алынған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда кіруіне рұқсат етсін.

 

6. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 14, 19, 46 және 47-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.

 

7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қаулының қосымшаларымен мына жерде танысуға болады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 23:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31