Денсаулық

Қарбыздан уланғандардың жұмбақ өлімі: Көз жұмғандардың қанынан өлімге әкелетін у табылды

  • Қарбыздан уланғандардың жұмбақ өлімі: Көз жұмғандардың қанынан өлімге әкелетін у табылды

    Қарбыздан уланғандардың жұмбақ өлімі: Көз жұмғандардың қанынан өлімге әкелетін у табылды

Мәскеуде бүтін бір Ефремовтар отбасы супермаркеттен алынған қарбыздн уланды. Әжесі мен немересі көз жұмып, анасы жансақтау бөліміне түсті. Бұдан соң олардың көршілері кезекпен ауруханаға түсе бастады. Олардың арасында әйелдер, қарттар, балалар бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.

61 жастағы әйел мен оның 15 жастағы немересінің қанынан улы зат – этиленгликольдің іздері табылды. 

 
У ағзаға енсе өлімге әкелуі мүмкін. Этиленгликоль тежегіш сұйықтықтардың және антифриздердің, яғни шыны жууға арналған сұйықтықтар мен аяқ киімге арналған кремдердің құрамына кіреді.

Алайда сол маңда тұратындар көршілерінің қарбызбен уланғанына сенбейді. 

Зардап шеккендердің кейбірі қауындарды жеген жоқ дейді. Сонымен қатар, дүкенде тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үй тұрғындары жөндеумен айналысатын жұмысшылардың үнемі химиялық заттар алып жүретінін айтады. 

“Әр факт тиісті түрде тексеріліп, тиісті бағаланады", – дейді БАҚ-пен өзара әрекеттесу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Людмила Нефедова. 

Сондай-ақ, полицейлер зардап шеккендер тұратын пәтерлерді аралап шыққан. Бұдан соң үй тұрғындарын 20-ға жуық дәрігер тексерді. Барлық медициналық көмекке жүгінгендердің бір-біріне жақын тұратыны анықталды. 

Санитарлық қызмет су мен ауа сынамаларын алды. Үйдің жертөлесіне барып, су мен коммуникацияның сапасын тексерген. 

Еске сала кетсек, Мәскеуде үш адамнан тұратын отбасы Магнит дүкенінен қарбыз жегеннен кейін ауруханаға түскенін жазған болатынбыз. 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 11:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31