Денсаулық

Қартаю мен алжуға қарсы дәрі табылды

  • Қартаю мен алжуға қарсы дәрі табылды

    Қартаю мен алжуға қарсы дәрі табылды

АҚШ-тың Солка институтындағы ғалымдар алжу мен Альцгеймер ауруына қарсы CMS121 және J147 дәрілері тышқандардың қартаюын баяулатады және ми жасушасының зақымдануын бұғаттайды деген тұжырым жасаған. Бұл туралы Medical Xpress баспасөз хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғылыми тәжірибе үшін тез қартаятын тышқандар қолданылған. Оларға CMS121 немесе J147, яғни Альцгеймер ауруы немесе қартаю кезінде нейрондардың қызметін қолдауға қабілетті өсімдік қосылыстары негізіндегі заттар берілді. Жануарлардың жасы - тоғыз ай болған. Бұл адамдардың орта жастан асқаннан кейінгісіне тең. Төрт айдан кейін тышқандардың мінез-құлқы мен жады тексерілді, сондай-ақ, мидағы генетикалық және молекулалық жүйелер талданды.

Нәтижесінде тәжірибе жүргізілген тышқандардың жады қарапайым қандастарынан жақсы болып шықты. Оларда жасушалық және молекулалық деңгейде өзгерістер байқалған. Мысалы, жасушалық органелдермен энергия өндіретін митохондрияға байланысты гендердің белсенділігі тұрақты қалпында қалды.

Қосылыстар зат алмасуға маңызды А ацетилкоферментінің деңгейін арттыруға көмектесетіні анықталды, ол митохондрия жұмысын жақсартады және қартаюға ықпал ететін ми жасушаларындағы процестерді баяулатады.




Көрілген: 1353    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2019, 22:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29