Картоп: оның пайдасы көп пе, әлде зияны ма?

Картоп: оның пайдасы көп пе, әлде зияны ма?

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі картопты қалай әзірлегенде пайдалы және зиян болатынына қатысты пайдалы мәлімет ұсынады.

Картоп: оның пайдасы көп пе, әлде зияны ма?

Ең танымал көкөністердің бірі саналатын картоптың қара тізімге кіргеніне де қаншама уақыт болды. Қартоптың құрамында крахмал өте көп болғандықтан, ол семіздікке және онымен байланысты барлық ауруларға әкеледі деп саналады. Бұл қаншалықты шындық?

Картоптың қырқұлақ ауруын емдеуде алғашқы тиімді ем болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Оның арқасында С витамині табылған. Ал 1845-1846 жылдары Англия мен Солтүстік Еуропада егістік алқаптарында картоп шықпай қалып, халық қырқұлақ ауруынан қырыла бастады. Бірақ, бәрінен де негізгі өнімі картоп болған Ирландия қатты зардап шекті.

Картоп қырқұлақ ауруына ем. Бұл дертке шалдыққандар картоп жегеннен кейін аурудан құлан-таза айығып кеткен. Қазірде жемістер мен көкөністер адамдарға арман болған кезде, аскорбин қышқылының тапшылығынан құтылуға картоп көмектеседі.

Ал жарма, макарон және нан секілді басқа көмірсулы азық-түліктерде С витамині жоқ. Бұл әсіресе, адамдар картопты өзі өсіретін ауылды жерлерде өзекті.

Соңғы жылдары картоп белсенді зерттеліп, қалпына келтіріліп жатыр. Ал 2018 жылдың соңында «Нутриенттер» атты беделді журналда картоп жайлы жаңа мақала жарияланды. Ол мақала бойынша автор мынадай қорытындыға келген: 200 г пісірілген картопта витаминдер мен микроэлементтер айтарлықтай көп, онда C және B6 дәрумендерінің тәуліктік нормасының жартысы, 30% калий, 28% фолий қышқылы, 24% темір , 18% магний, 15% – тағамдық талшық бар.

Картоп қан қысымына ем

Бүгінде заманауи зерттеу әдістерінің арқасында картоптан бұған дейін белгілі болмаған 60-қа жуық қоректік зат табылды. Мысалы, 2007 жылы тағамтану институтының британдық ғалымдары картоптың құрамында қан қысымын төмендететін какоамин барын анықтады. Әсер ету механизміне байланысты, олар ангиотензинді түрлендіретін ферменттерді баяулатқыш дәрі секілді. Әрине, оның дозасы таблеткадан аз, бірақ айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Бұл зерттеулерде көрсетілген. Сондықтан, қан қысымынан зардап шегетін адамдар картопты жиі жегендері дұрыс. Оның үстіне, картопта калий және магний секілді маңызды элементтер бар.

Сондай-ақ, картоптан каротеноидт, антоцианин, хлорогендік және кофе қышқылдары секілді антиоксиданттар табылды. Олар қатерлі ісіктен, атеросклероздан, қартаюдан қорғайды. Ол антиоксиданттардың көпшілігі қызыл және көк картоптың қабығында болады. Себебі, оларға дәл осы түсті антиоксиданттар береді.

Ғалымдар картоптың теріс әсері туралы көптеген болжамдарды жоққа шығарды. Жақында картопқа қатысты жалпылама зерттеулер жарияланды. Және картоптың жүрек пен қан тамырлары ауруларының, қатерлі ісіктің дамуына ықпал етпейтіні анықталды. Сондай-ақ, семіздікке де, II-типтегі қант диабетіне де картоптың еш қатысы жоқ. Бұл аурулардың қаупін тек қуырылған картоп қана көбейтеді.

Картопты қалай дайындап жеген дұрыс

Ғалымдар картоп дайындаудың жаңа және пайдалы әдісін ойлап табуға шақыруда. Мәселен, қысқа толқынды пеште С дәрумені көп ыдырамайды және оның картоптағы дозасы 50% -дан да көбірек сақталады. Ал картопты пісіру ондағы қоректік заттардың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Ол пісірілген картопта аз, ал тұтас немесе кесектеп туралған, қуырылған картопта көп болады. Бірақ, бәрінен де қабығы аршылмай пісірілген картоп пайдалы. Қабығымен пісірілген картопта аршып дайындалған картопқа қарағанда қоректік заттар әлдеқайда көп сақталады.

Халық арасында картопты қабығымен жеуге болмайды деген қате пікір қалыптасқан. Айтқанымызда, бұл қате түсінік. Бұл, кезінде Америкадан әкелінген картоппен алғаш танысқан еуропалық аристократтарға тән. Олар картоп түйнектері лас жерде өседі деп, оны жеуден бас тартқан. Бірақ, соның кесірінен қырқұлақ ауруына шалдығып, қырылды.

Шындығында, картопты қабығымен дайындаса, оның пайдасы әлдеқайда көп болады. Тек картоптың түйнегін щеткамен ысқылап, жақсылап жуу керек.

Картопта ең қауіптісі – крахмал. Пісіру кезінде ол ішекте глюкозаға дейін бөлініп, қанға тез сіңіп кететін жеңіл сіңірілетін түрге ауысады. Ал бұл артық салмақ қосуға ықпал етеді. Дегенмен, мұндай әсерді екі жолмен төмендетуге болады.

Біріншісі – картопты тез және сусыз дайындау арқылы. Бұл әдіс бойынша әзірлесе крахмал резистентті күйде қалады. Сонда крахмал бөлшектенбей, тоқ ішекке бүтіндей жетеді. Нәтижесінде сіз глюкозаның зиянды әсеріне ұшырамай, ағзаңыздағы пайдалы бактерияларға сүйікті тағамын резистентті крахмал түрінде бере аласыз. Бұны дайындаудың ең жақсы тәсілі – картоп кесектерін пеште көмештеп пісіру.

Екінші тәсіл – картопты суытып жеу. Бұл ретте крахмал қайтадан резистентті болады. Сондықтан кешеден қалған картопты жеген пайдалы, ал егер суықтай жей алмасаңыз шамалы жылытып жіберсеңіз болады.

Stan.kz 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста