Денсаулық

Қатерлі ісікке шалдыққандар зейнетақысын мерзімнен бұрын шеше алуы тиіс — депутат

  • Қатерлі ісікке шалдыққандар зейнетақысын мерзімнен бұрын шеше алуы тиіс — депутат

    Қатерлі ісікке шалдыққандар зейнетақысын мерзімнен бұрын шеше алуы тиіс — депутат



Қатерлі ісікпен ауыратын қазақстандықтарға олардың мүгедектік санатына қарамай, емделу үшін зейнетақы жинағындағы ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігі берілуі тиіс, деп мәлімдеді парламент мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов, деп хабаралайды Stan.kz тілшісі.  


Alt


"Онкологиялық аурулар әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда соңғы үш жылда осы аурудан 45 мыңнан астам адам көз жұмған. Мұндай көрсеткіштер жұмысты күшейтуді талап етеді. Мүгедектік санатына қарамай онкоаурлармен ауыратындарға зейнетақы жинағынан бір жолғы төлем беру мәселесін қайта қарауды сұраймыз», - деді Бектұрғанов премьер-министр орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға жолдаған депутаттық сауалында. 


Ол онкоауруларға белгілі бір мерзімге немесе мерзімсіз мүгедектікті тағайындайды. 1 және 2-топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар бір мезгілде жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқылы. Бірақ ол ақшаны алуға қиындық тудыратын жағдайлар бар. 


"Қазақстанда 39 100 адам мүгедек, олардың 15 200-інде – мерзімсіз. Жәрдемақыны ең төменгі зейнетақының 12 есе көлемінен аспайтындар ғана ала алады. 2019 жылы бұл 433 296 теңгені құрады. Егер жиналған сома тым болмаса 1 теңгеден асса, ол адам ай сайын зейнетақы төлемін алады. Бірақ ол сома тіпті емделуге кететін шығындарды өтеуге жетпейді", - деп айтты депутат. 


Оның айтуынша, осындай жағдайлардан соң зейнетақы жинақтарын онкологиялық науқас адам қайтыс болған соң ғана оның отбасысы ала алады.


"Бұл қаржының қайтыс болған адамға қажеті болмайтыны түсінікті. Бізде қатерлі ісіктің диагностикасы мен емдеу мемлекеттің есебінен тегін, бірақ осы ауруға шалдыққандар өте қымбат және көп ақша талап ететін отандық немесе шетелдік емханаларда қосымша емделгісі келеді және олардың қызметіне жүгінеді", - деді Бектұрғанов.


 



 

 




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 19:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30