Денсаулық

Қатты боянатын арулардың өзіне сенімсіз болатыны рас па

  • Қатты боянатын арулардың өзіне сенімсіз болатыны рас па

    Қатты боянатын арулардың өзіне сенімсіз болатыны рас па

Макияжды дұрыс жасау әйелдің сұлулығын арттырады. Ал шамадан тыс көп бояу жағатын арулардың өзіне деген сенімділігі аз болады. Дегенмен, мамандар мүлдем бояу қолданбайтын әйелдер нәзіктігінен қол үзіп қалатынына сенімді деп хабарлайды ERNUR.KZ.

 
 
Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тек қана көздерін бояйтын қыздар салмақты, мейірбан, жауапкершілігі мол және ақылды болып келеді екен. Ал ерін бояуына басымдық берсе, демек олар сөзге шешен, басқалардың назарында болғысы келетін, көпшілік ортаны аңсайтын нәзік жандылар.

Бірақ, көптеген әйелдер макияж жасағанда бірнеше қателік жібереді.

1-қателік

Бетіңізге макияж жасамас бұрын міндетті түрде крем жағасыз. Бірақ, кремді қаншалықты қалың етіп жақсаңыз, жасанды, құдды бір бетіңізге маска киіп алғандай көрінесіз. Сондықтан, тональды кремді қат-қабат етіп қалыңдап жаға беруден аулақ болыңыз. Бұл кемшіліктерді жасырмайды, керісінше, айқындап көрсетіп тұрады.

2-қателік

Теріңіздің түсінен алшақ түстерді таңдасаңыз, яғни, қара торы болсаңыз, ақшыл жүзді теріге арналған тональды кремді мүлдем қолданбағаныңыз дұрыс. Беттегі пигменттік дақтар, қара тесіктер, тері астынан көрініп тұратын ұсақ тамырларды макияждың астына жасыруға тырыспаңыз. Неғұрлым табиғи қалпыңыздан ауытқымасаңыз, тональды крем мен опаны да бетіңіздің тері түсіне лайықтап таңдасаңыз қателеспейсіз.

3-қателік

Опаны (пудра) қолданған кезде де шектен шықпаңыз. Опа жастықшасын жеңіл ғана батырып алып, жүзіңізге де баттастырып жағудың орнына жеңіл ғана бастырып өтсеңіз, теріңізге біршама сіңіп, жарқырап көрінетін болады. Майлы жылтырдан арылып, теріңіздің тұнық көрінуіне осылайша үлес қоса аласыз. Опаны жиі пайдалану да теріңіздің құрғауына алып келеді. Теріңіз майлы болса ғана опаны қолданыңыз, әйтпесе, дұрыс жағылмаған опа бет-жүздегі ұсақ әжімдерді айқындап береді.

4-қателік

Тым ашық және тым қою түстегі ерін далабын таңдарда да абай болыңыз. Мүмкіндігінше табиғилыққа жақын болсаңыз, соғұрлым әдемірек көрінесіз.

 




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.01.2020, 17:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29