Денсаулық

"Қатты ұқсайды": Биологтар Таиландтағы жарқанаттардан коронавирустың тағы бір бөлшегін тапты

  • "Қатты ұқсайды": Биологтар Таиландтағы жарқанаттардан коронавирустың тағы бір бөлшегін тапты

Молекулярлы биологтар Таиландтың шығысындағы үңгірлерді мекендейтін жарқанаттардан коронавирус бөліктерін тапты. Құрылымы бойынша SARS-CoV-2 геномына қатты ұқсайтын бөлшектер туралы биологтар Nature Communications журналындағы мақалада жариялаған деп жазады TASS

"Нақты SARS-CoV-2-ге жақындығы жайлы толық нақтыланған жоқ. Дегенмен, зерттеу нәтижесінде олардың мекен ететін аймағы Жапония мен Таиланд аралығына жететінін, 4,8 мың шақырымға созылатынын анықтадық. Бізге COVID-19-ды тікелей қоздырушыларды нақтылау үшін шекара аралық бақылау жүргізу қажет", - деп жазады зерттеушілер.

Ғалымдар ғаламдық пандемияны туғызған СОVID-19 індетінің басты себебі қашан және қайда пайда болғанын анықтауға тырысуда. Дегенмен, бұл мәселеге келгенде эпидемиологтардың өзі әлсіз болып отыр.

Атап айтар болсақ, биологтар аталған вирустың қашан және қалай пайда болғанын, қандай жануарлар вирусты тасушылар қатарында екенін дөп басып айта алмайды. 

Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, SARS-CoV-2 Шығыс Азиядағы жарқанаттар арасында әлдеқайда ерте, өткен ғасырдың ортасында болған. Мұндай жаңалықтардан соң жануарлар мен құстарда коронавирустың қаншалықты жиі болатыны және өткен ғасырда адамзаттың бұл вирусты неліктен білмегені де ғалымдарды ойландырып отырған басты мәселелердің бірі.

Ғалымдар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жарқанаттарды жіті қадағалау арқылы COVID-19 вирусының түп-тамырын анықтауға болады деген пікірде. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2746    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30