Денсаулық

Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

  • Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

    Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

Алматылық инфекционистер әлемде Кавасаки синдромының кең таралып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова, ата-аналарға балалар арасындағы аурудың алдын алу үшін сақтық шараларына мұқият болыңыздар, деп кеңес берді.

"Ата-аналар балалармен көп жерлерде жүрмеуі керек, сыртқы байланыстарды азайтып, маска тағуы керек. Гигиенаны сақтап, иммунитетті арттыру қажет. Асқынған жағдайда өзін - өзі емдеумен айналыспай, дәрігерлерге жүгіну керек", - деп ескертті Г.Құттықожанова.
Эпидемиологиялық тұрақсыздық кезеңінде санитарлық талаптарды елемеген жағдайда балалардың дерті асқынуы мүмкін. Құттықожанованың хабарлауынша, Кавасаки синдромы сәуірден кейін пайда болған. Бұл жиі кездесе бермейтін синромдардың бірі. Кавасаки синдромының кең таралуы коронавирусқа байланысты болуы мүмкін.

"Кавасаки ауруы кезінде безгек кем дегенде 5 күн болады. Алашқы белгілері: көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, еріннің зақымдануы, бөртпе, мұрынның қабыршақтануы, аяқ - қол мен табанның ісінуі және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы", - деді ол.

Балаларда Кавасаки белгілері байқалмауы мүмкін. Алайда, ауруды асқындырып алмау үшін оларды ертерек ажыратып, дер кезінде ем қабылдауды бастау қажет.

Еске салайық, Қазақстанда Кавасаки синдромымен ауырған балалар саны 16-ға жетті.  




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 17:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31