Денсаулық

Қайтыс болған науқастың туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлайды

  • Фото: tzp58.com

    Фото: tzp58.com

Атырау облысындағы Құрманғазы аулының тұрғыны Бекдидар Құргенәлиев Жаңа жыл мерекесін отбасының ортасында, үш баласы және әйелімен, басқа ауылдан келген жақындарымен қарсы алып, президенттің құттықтау сөзін тыңдауды жоспарлағаны анық. Бірақ Бекдидар мен оның туыстары жаңа жыл түнін ауруханада өткізді. Ер адам 44 жаста еді. Оның артында он алты, он және тоғыз жастағы үш ұлы жетім қалды.

 

Бұл қайғылы оқиға ажал құшқан азаматтың дәрігерге қаралуынан басталған, ол аяғы үнемі тоңып жүретінін айтып шағымданған.

 

Екі күннен кейін бәрі қалпына келеді

 

Қайтыс болған азаматтың қарындасы Индира Мұханәлиева Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұқбатында ағасының қант диабетінен басқа денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтты. Ол бұрынырақта көші-қон полициясында жұмыс істеп, соңғы жылдары әкесінен қалған шаруа қожалығын дамытумен айналысқан.

 

"Бекдидар 29 желтоқсанда емханаға барып, аяғы үнемі тоңып жүретінін айтқан. Ол аздап ентіккенімен, дене қызуы көтерілмеген. Емханадағылар пневмония болуы мүмкін екенін ескертіп, ауруханаға жатуға кеңес берген. Жатты. Одан кейін ағамның әйелі емдеуші дәрігерге хабарласқанда ол мазасызданатын еш себеп жоқ екенін айтқан", - деді Мұханәлиева.

 

Осылайша Құрманғазы Құргенәлиев орталық аудандық ауруханасына жатады. Ол 30 желтоқсан күні таңертең әпкесімен сөйлесіп, палатаның салқын екеніне және дәрігерлер дұрыс қарамай жатқанына шағымданған. Туыстары ер адамды Атырау ауруханаларының біріне ауыстырмақ болғанда, бас дәрігер Гүлсара Мутиева оларды бұл ойынан айнытып, алаңдауға еш негіз жоқ екенін және дәрі-дәрмек жеткілікті екенін айтқан.

 

30 желтоқсан күні кешке қарай Құргенәлиевтің палатасына туысқан ағасы мен жеңгесі келіп, онымен бірге шай ішіп, науқасты Атырауға ауыстыру туралы дәрігерлерге тағы да өтініш білдірген.

 

Емдеуші дәрігер Н.Ш. екі күннен кейін барлығы өз орнына келеді деп жауап берген.

 

"Біз расымен де дәрігерлерге сендік қой!, &ndash дейді Индира Мұханәлиева. &ndash 31 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында Бекдидар жалғызсырамасын деп, менің жиен әпкем оның жанында болады деп ұйғардық. Ол да дәрігер. Ол 31 желтоқсан күні Ақтөбеден ұшып келді де, кешкі сегізде ауруханаға барды. Міне, бәрі осы уақытта басталды".

 

Дәрігерді іздеу

 

Индираның әпкесі палатаға кіргеннен-ақ туыс ағасының халі нашар екенін көреді. Ал ауруханада бірде-бір дәрігер болмаған. Ол медбикеден тағайындалған дәрілер парағын сұрап, науқасқа кешкі дәрі-дәрмек неге берілмегенін сұрайды. Ал медбике ауруханада дәрі жоқ екенін айтқан.

 

"Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық. Басында медбике дәрігер ауруханада деді. Кейіннен менің ағамның жағдайы қатты нашарлап кеткенін көріп, біреуге қоңырау соға бастады. Ағам жағдайым нашар деп айқайлап, жүрек тұсын ұстап, көмек көрсетуді сұрады. Медбикенің қоңырауына ешкім жауап бермеді. Бас дәрігер бүгін кезекші дәрігер Ш. екенін айтты", - деп жалғастырды Индира Мұханәлиева.

 

Ол ағасын ауданнан облыстық ауруханаға жеткізу үшін қоңырау шала бастаған.

 

Дәл осы уақытта туыстары Құргенәлиевтің емдеуші дәрігері болған Н.Ш. үйін зорға іздеп тапқан. Мұның барлығы шамамен кешкі сағат сегізден түнгі он екіге дейін жалғасқан. Ал кейінірек Ш. жаңа жыл түнінде емдеуші дәрігер өзі болмағанын мәлімдеген.

 

"Ш. дәрігердің үйін зорға таптық. Ол сыртқа шығып, "Барлығыңыз мұнда неге келдіңіздер? Науқастың жағдайы тұрақты, неге келдіңіздер?" деген. Сөйтіп үйіне қайта кіріп кеткен. Туыстары оны далада бір жарым сағатқа жуық уақыт күткен. Олар полиция шақырғаннан кейін ғана Ш. ауруханаға баруға келіскен. Бұл түнгі сағат екі шамасы болатын", - деген Мұханәлиева ауруханаға бас дәрігердің де келгенін айтты.

 

"Ағама көмектесу үшін басқа бөлімдерден қажетті аппараттарды алып келді. Мұның барлығы уақыт алды. Маған тікұшақ таңертең жетеді деп уәде етті. Сондықтан ағам таңертеңге дейін шыдауы керек еді. Дәрігерлер оның жағдайы жақсарады деп, бізге өтірік айтуды жалғастырды. Ал біз тағы да сендік", - дейді ол.

 

Бұрын дәрігер болып қызмет атқарған туыс ағаларының бірі жиені комаға түсу мүмкін деп күдіктенген. Ал дәрігерлер Бекдидар ұйықтап жатыр деп сендірген.

 

"Таңертең тікұшақ келген кезде атыраулық дәрігерлер науқастың комаға түскеніне біраз уақыт болғанын айтқан. Олар ағамды құтқара алмады. Ол комада жатқан күйі көз жұмды. Оның жүрегі тоқтап қалған көрінеді. Мен атыраулық дәрігерлерге ризамын. Олар қолынан келгенін аямады. Бірақ, олар тым кеш жетті", - деді Мұханәлиева.

 

Коронавирус па, жоқ па?

 

Ресми құжатта коронавирус инфекциясының диагноз ретінде жазылуы да Индираның санасында сан сұрақтар тудырып отыр.

 

"Егер, бұл расымен де COVID-19 болса, ағамның жанында бетпердесіз жүрген туыстарымның ешқайсысы неге ауырған жоқ? Олар жас емес. Елуден асып, алпыс беске жақындаған жандар. Олар кейіннен ПТР-тест тапсырды. Тест нәтижесі коронавирустың жоқ екенін көрсетті", - дейді Мұханәлиева.

 

Қазір ол жалғыз бауырының ажалына кінәлілерді тауып, жазалауды көздеп отыр. Мұханәлиева полицияға шағымданып, адвокат жалдап қойды.

 

"Мен кінәлі адам өмір бойы түрмеде отырсын демеймін. Ағамды қайтара алмайтынымды жақсы түсінемін. Бірақ кінәлі қандай да бір жазаға тартылуы керек", - деп түйіндеді Мұханәлиева.

 

Ресми жауап

 

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Анықталғандай, Құрманғазы орталық аудандық ауруханасының әкімшілігі ішкі қызметтік тексеру жүргізген.

 

"Стационар дәрігерлерінің науқастың қайтыс болар алдында қойған диагнозы мынандай: " U07.1 ауыр дәрежедегі COVID-19 коронавирус инфекциясы. COVID-19 инфекциясының расталған жағдайы (30.12.2020 жылы анықталған №1782 COVID-19 коронавирусының ПТР РНҚ оң нәтиже көрсетті) ауруханадан тыс аралас екіжақты полисегментарлы бронхты пневмония, ауыр түрі. Ілеспе диагноз: екінші түрдегі қант диабеті, көптеген асқынуы бар қалпына келмеу сатысында. Диабеттік нефропатия. Аяқ-қолдың диабеттік полнейропатиясы. Басқа да созылмалы тубулоинтестициалды нефриттер. Жіті бүйрек жеткіліксіздігі", - деді басқарма.

 

Қазіргі уақытта қайтыс болған ер адамның мәйітін эксгумациялау мәселесі қаралып жатыр.

 

"Дәрігердің кінәсі анықталған жоқ. Н.Ш. тек емдеуші дәрігер болған. Науқастың жағдайы нашарлаған кезде ол кезекші дәрігер қызметінде болмаған. Аурухана басшылығын немесе дәрігерлердің бірін жазалау туралы мәселе тергеу аяқталғаннан кейін шешіледі", - деді басқармада.

 

Басқармадағылар Құрманғазы аудандық ауруханасында барлық қажетті дәрі-дәрмек болғанын ескертті.

 

Атырау облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

 

Қылмыстық істі 25 қаңтар күні Қылмыстық кодекстің 17-бабының 3-бөлімі ("Медицина қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер") бойынша Құрманғазы аудандық полиция бөлімі тіркеген. Егер күдік расталса, кінәлі азамат бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Қазіргі уақытта іс Атырау облысы полиция департаментінің тергеу басқармасының қарауына берілді.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2195    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 18:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30