Денсаулық

Қазақ дәрігері Беларусь елінде 5 айлық сәбидің бауырын ауыстырды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанға ғана емес, көрші елдерге де танылып үлгерген трансплантолог дәрігер Рахымжан Үмбетжанов мемлекетаралық достықты нығайтуға үлес қосып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

31 жастағы дәрігер Шымкент қаласындағы № 1 қалалық клиникалық аурухананың гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде жұмыс істейді. Бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог. Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алған. Кейіннен Беларусьтің Минск қаласында трансплантант бойынша клиникалық ординатура мамандығы бойынша оқуын жалғастырады.

 

Шымкент қаласындағы қызметі барысында үш жыл ішінде 173 туыстық трансплатациялық ота жасауға қатысқан. Оның ішінде 150 бүйрек, 23 бауыр отасы бар.

 

Ізденімпаз маман мұнымен тоқтап қалмай біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында Минск қаласына кетті. Онда 5 айлық бүлдіршінге бауыр трансплатациясын жасап, ота сәтті аяқталған. Бұл жөнінде Минск ақпарат көздері жарыса жазды.

 

 

Рахымжан Үмбетжанов беларус әріптестерінен органды трансплатацияға дайындайтын гепатобилярлы әдісті үйренгенін айтады. Алдағы уақытта тәжірибесін іс жүзінде шыңдай отыра, еліміздің медицинасын әлемдік деңгейге жеткізсем деген арманы бар.

 

 

 

 

 




Көрілген: 2416    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 02:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31