Денсаулық

Қазақстан дәрігерлері салмағы 530 грамм сәбиді аман алып қалды

  • Қазақстан дәрігерлері салмағы 530 грамм сәбиді аман алып қалды

    Қазақстан дәрігерлері салмағы 530 грамм сәбиді аман алып қалды

Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері жансақтау бөлімінде шала туған сәбидің өмірі үшін 55 күн бойы күресті.

Қыз бала 26-шы аптада дүниеге келген, салмағы – 530 грамм. Қазір нәресте анасымен бірге үйіне шықты, – деп жазады ҚазАқпарат. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сәби 26 күн өкпені жасанды желдету аппаратында болған. Содан кейін ол жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды.

«Бүгінде 1 келі 925 грамм салмаққа жетіп, нәрестенің жағдайы тұрақталды», – дейді орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова. Нәрестенің анасы орталықтың медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Ермұханқызы Сейталиеваға және басқа да дәрігерлерге, барлық акушерлерге,тазалық жұмыстарын жүргізген медбикелерге үлкен алғысымды білдіремін. Баршаңызға көп рахмет! Балаларымызға көрсеткен көмегіңіз үшін рахмет. Дендеріңізге саулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Орталықтарыңыз гүлдене берсін», – дейді ол.

aikyn.kz




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 19:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31