Денсаулық

Қазақстан Коронавирусқа қарсы вакцина жасауда

  • Қазақстан Коронавирусқа қарсы вакцина жасауда

    Қазақстан Коронавирусқа қарсы вакцина жасауда

Әлемде коронавирустық инфекциялардың өршуі үнемі орын алып келеді: 2002 жылы Қытайда SARS (ауыр күшті респираторлық синдром) пайда болды, 2012 жылы Сауд Арабиясында MERS (Таяу шығыс респираторлық синдром) пайда болды және 2019 жылы Қытайда Сovid19 коронавирусы анықталып, ол пандемиялық сипатқа ие болып отыр, - деп жазды Coronavirus2020.kz.

Шетелдік эпидемиологтар Соvid19 коронавирусын инфекцияның жоғары контагиоздылығына (жұқпалы) байланысты маусымдық сипат алуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету үшін вакцина жасау қажетті шара болып табылады.

Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты COVID19 коронавирусына қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмысты бастады.

Біздің ұйымдарда жеткілікті ғылыми-техникалық тәжірибе жинақталған. Тиімділігі бойынша шетелдік аналогтардан кем түспейтін отандық препараттарды дайындау технологияларын әзірлеу, сынау және қамтамасыз ету үшін мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ғылыми база мен жоғары білікті ғалымдар бар.

Мәселен, қаңтар айының соңында Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары 6 күн ішінде COVID-19 коронавирус ауруын жедел анықтауға мүмкіндік беретін сенімді жоғары сезімтал тест-жүйесін әзірледі. Қазақстандық тест-жүйенің тиімділігі мен жоғары сезімталдығы Ресей және Қытай диагностикумдарымен салыстырғанда расталды.

Өткен кезеңде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» (Жамбыл облысы Отар кенті) құс және шошқа тұмауына қарсы вакцина әзірлеген болатын. 60 жылдан астам тарихы бар Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология саласы бойынша үлкен тәжірибе жинақталған. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 60-тан астам препараттар әзірлеп, енгізді. Бұл институтта вирустардың генетикалық бірегей базасы бар.

Вакцинаны әзірлеу бағдарламасы шеңберінде ең озық биотехнологиялық және гендік-инженерлік әдістерді пайдаланып 5 кандидаттық вакцина жасалатын болады. Мұндай технологияларды әлемдегі вакцина өндіру саласындағы көшбасшы кәсіпорындар пайдаланады. Кандидаттық вакциналардың бес түрінен клиникалық сынақтар жүргізу үшін неғұрлым тиімді және технологиялық вакцина таңдалады.

Әлемнің көптеген елдері де өз вакцинасын әзірлейтінін жариялады. Алайда олардың барлығы клиникалық сынақтарды талап етеді, сондықтан бір жылдан кем емес уақытты талап етеді. Вакцина жасалғанға дейін COVID19 вирусының тез және жаппай таралуына жол бермеу керек. Бұл мемлекет қабылдаған шараларға ғана емес, әрбір адамға да байланысты. Сондықтан ауруды алдын алудың барлық шарттарын орындау қажет.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығы

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты

БАҚ осы мәселелермен ҒЗИ бас директорларына хабарласа алады:

Раманқұлов Ерлан Мірхайдарұлы (Нұр-Сұлтан Қ.)

Закарья Күнсұлу Дальтонқызы (Жамбыл облысы, Отар кенті)

 




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 19:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30