Денсаулық

Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алуы мүмкін

  • Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алуы мүмкін

    Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алуы мүмкін

Коронавируспен күресте Қазақстан Қытай вакцинасын да сатып алуы мүмкін. Қазір келіссөз жүргізіліп жатыр. Ал наурыз айының соңында қолданысқа шығуы тиіс отандық екпеге әлемнің ешбір елінен тапсырыс түспеген. Дегенмен мамандар шетелден бұрын, өз тұрғындарымызды вакцинамен қамтыған маңыздырақ деп отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.

- Қазақстан вакцинасына әзірге тапсырыс түспеген. Тіпті өз еліміздегі тұрғындардың басым көпшілігін егу мәселесі тұрғанда, шетелге сату жағы қисынсыз. Оның үстіне шетелдіктерден тапсырыс түсе қалса, өндіріс қуатын арттыру мәселесі туады, - деді ҚР ДСМ Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі Жаннат Сатыбалдиева.

Әлемде Сovid-19-ға қарсы 200-ден астам вакцина түрі белгілі болса, соның тек алтауы ғана қазір қолданыста. Қазақстанды айтпағанда, әлем елдерінде де екпеге қарсы ақпарат шабуылы жүріп жатыр. Министрліктің пайымынша, мұндай әрекеттер арнайы ұйымдардан әдейі қаржыландырылады. «Ал негізі вакциналаудың еш зияны жоқ» деп, сендіруге тырысты мамандар. Екпені тіпті созылмалы ауруы бар, ВИЧ вирусын жұқтырғандар да салдыра алады екен. Басқа елдердің тәжірибесінде мұндай жайт тіркеліпті.

- Вирустың симптомсыз түрімен науқастанған адамға да екпе жасауға болады. Вакцинаның жанама әрі өтпелі әсерлерін айтпағанда, денсаулығына еш әсері болмайды. Тек иммунитеті күшейе түседі.Әрі Сovid-19-ға қарсы бірде-бір екпе белсіздік, не бедеулікке душар етпейді. Ол дәлелденген, - деді ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева.




Көрілген: 2749    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 01:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30