Денсаулық

Қазақстанда 15 жылда қант диабетімен ауыратындар 3,5 есе өсті

  • Қазақстанда 15 жылда қант диабетімен ауыратындар 3,5 есе өсті

    Қазақстанда 15 жылда қант диабетімен ауыратындар 3,5 есе өсті

Қазақстанда соңғы 15 жылда қант диабетімен ауыратын науқастар саны 3,5 есе өсті. Ташкентте өткен «Диабет: мониторингтен басқаруға» атты Орталық Азия диабетологиялық форумына қатысқан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр 2015 жылдан бастап жыл сайын өтетін бұл форум Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесі басшылары мен жетекші мамандары қатысатын саладағы маңызды оқиғалардың қатарына кіргенін атап өтті.

«Бұл жерде саланы дамытудың басым бағыттарын талқылау, қант диабетінің алдын алу және емдеу саласындағы озық тәжірибелермен және соңғы жетістіктермен алмасу өтеді. Жаңа қауіпті вирус әдеттегі өмір салтын өзгертті, көптеген стратегияларға, жоспарларға, жобаларға өзгерістер енгізуге мәжбүр етті», - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі үшін инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде қант диабетінің алдын алу және оларға қарсы күрес сөзсіз басымдық екенін атап өтті.

«15 жыл ішінде Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастар саны 3,5 есе өсті. 2021 жылдың басында диспансерлік есепте 382 мың адам тұр, оның ішінде: 30 мыңы - 1 типті қант диабеті бар пациенттер, 352 мыңы - 2 типті қант диабеті бар пациенттер. Қант диабетімен ауыратындар санының өсуі ерте анықтау мен диагностиканың жақсарғанын көрсетеді», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, ересек тұрғындар арасында скрининг процедурасымен (60 млн тексеру) 2,5 млн-нан астам ауру, оның ішінде 62 мыңға жуық қант диабеті анықталған.

Ажар Ғиният форумға қатысушылардың назарын COVID-19 пандемиясынан туындаған ҚР эндокринологиялық қызметінің жұмысындағы өзгерістерге аударды. «Қазақстандық зерттеушілердің мәліметі бойынша, КВИ-мен ауыратын науқастардың өлімінің бір бөлігі декомпенсацияланған қант диабетімен бірге жүрді. Пандемия басталғалы бері бір топ зерттеуші клиникалық хаттаманың 13 нұсқасын жасады, олардың 4-уінде диабетпен ауыратын науқастарды емдеу тактикасы сипатталған», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

Сонымен қатар, қант диабетімен күрес аясында «Қазақстан диабетін зерттеу қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесіп, «ҚР-дағы қант диабетінің ауыртпалығы» атты 2 жылдық жоба іске асырылып, аяқталды.

Қант диабеті бар пациенттерді амбулаторияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді цифрландыру жалғасуда, оның нәтижесінде препаратты сатып алудың да, оны пайдаланудың да ашықтығына қол жеткізіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда тегін препарат тізіміне 30-ға жуық атау енгізілген.

«Біздің елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 1-ші және 2-ші типті қант диабетімен ауыратын барлық пациент жеңілдікті препаратпен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде инсулиндермен, тест жолақтарымен, инсулин помпасымен қамтамасыз етілген», - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, 2012 жылдан бастап помпалық инсулинотерапияның мемлекеттік бағдарламасы жалғасуда – 1 100-ден астам бала инсулиндік помпамен және оларға жұмсалатын жылдық қормен тегін жабдықталған.

Сөз соңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қант диабетімен күресудегі алдын алу шараларының маңыздылығын тағы да еске салып, бұл форум оған үлес қосады деген үмітін білдірді.




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.11.2021, 09:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"
    17 Желтоқсан 2021
    Пандемия қашан аяқталады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31