Денсаулық

Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын адамдар саны артты

  • dw.com

    dw.com

Елде соңғы бес жылда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар (АӨА) және арнайы антиретровирустық ем қабылдайтын адамдар саны үштен бірге ұлғайды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 73%-ке жетті, пациенттердің 84%-інде вирустық жүктемесі басылған.

 

ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштері осындай, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

 

«Қазақстанда АИТВ-ның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша мақсаттарға қол жеткізу» республикалық онлайн-конференциясының қатысушылары мен сарапшылары АИТВ-инфекциясын жеңудегі жетістіктерді, проблемалар мен сын-тегеуріндерді талқылады. Іс-шараға мемлекеттік, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың отандық және шетелдік сарапшылары, сондай-ақ азаматтық белсенділер қатысты.

 

Мұндай республикалық форумға АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер алғаш рет қатысып отыр.

 

Талқылаудың басты бағыты - ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарына қол жеткізу және 95-95-95 мақсаттарын 2025 жылға дейін жоспарлау.

 

«Қол жеткізіп отырған жетістіктер мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жемісті қызметін көрсетіп отыр. Сонымен қатар covid-19 пандемиясы аясында дәрігерлер тарапынан емдеуге бейілділікті және эпидемиологиялық бақылаудың тұрақтылығына деген ұмтылыстың өзектілігін көрсетеді. Ауруды ерте анықтау, сапалы диспансерлік бақылау, уақытында басталған антиретровирустық терапия және емделуге бейілділік емделушінің өмірі мен денсаулығын сақтайды, белсенді өмір салтын жүргізуге, дені сау балаларды дүниеге әкелуге мүмкіндік береді және АИТВ-ның жыныстық серіктестеріне берілу қаупін бірнеше есе төмендетеді», - дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Асылхан Әбішев.

 

Қатысушылар елдегі тұрақты үрдіс АИТВ-ға тестіленушілер санының өсуі болып табылатынын атап өтті, бүгінде бұл - қазақстандықтардың 13%-тен астамы. ЖИТС-тың барлық өңірлік орталықтарында байланысқа дейінгі профилактиканы енгізу соңғы айлардың инновациясы болды. Ол АИТВ-ның алдын алу мақсатында ДДҰ ұсынымы бойынша әлемде табысты түрде қолданылуда. Байланысқа дейінгі профилактика тек АӨА-мен ғана емес, теріс нәтижесі және АӨА-мен жыныстық қатынастары бар адамдарға да АРВ-препараттарын алуға мүмкіндік береді.

 

Қазақстандық мамандардың маңызды жетістіктерінің бірі – АИТВ жұқтырған әйелдердің дені сау балаларды дүниеге әкелуінің 99,6 процентке дейін артуы.

 

Вирустық жүктеме - бұл бір миллилитр қанға АИТВ-мен ауыратын адамның қанындағы вирустық бөлшектердің саны. Вирустың мөлшері неғұрлым көп болса, оның серіктестеріне парентеральды (қан арқылы), жыныстық немесе тік жолмен (жүктілік, босану, емізу кезінде АИТВ-мен анадан балаға) берілу қаупі соғұрлым жоғары болады және әлсіз иммунитет аясында пайда болатын кейбір оппортунистік аурулардың туындау мүмкіндігі жоғары, мысалы, туберкулез, пневмоцистік пневмония немесе онкология.

 

Бүгінде Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының эпидемиясы шоғырланған сатыда тұр. Осы аурудың эпидемиясы басталғаннан бері ел азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының 41 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының 0,3 процентке өсуі байқалады.

 

Соңғы жылдардағы үрдіс - жұқтыру қаупі көбірек халықтың негізгі топтарын тестілеумены қамтуды арттыру болып табылады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 11:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31