Денсаулық

Қазақстанда алғаш рет жатыр мойны қатерлі ісігімен ауырған әйел босанды...

  • Қазақстанда алғаш рет жатыр мойны қатерлі ісігімен ауырған әйел босанды...

    Қазақстанда алғаш рет жатыр мойны қатерлі ісігімен ауырған әйел босанды...

 Қазақстанда алғаш рет жатыр мойны қатерлі ісігінен жазылған әйел босанды. Осыдан 10 жыл бұрын науқас N-ге гинекологиялық қатерлі ісік диагнозы қойылған болатын. Сол кезде ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның мамандары науқасқа ағзаны сақтап қалу отасын жасады, сол арқылы әйелге ана болу мүмкіндігін сақтап қалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады.

«Осыншама жылдар бойы науқас жүкті болуға деген үмітін өшірген емес. Көп ұзамай таңғажайып жағдай орын алды.

Ақпан айында ол маған қоңырау шалып, жүкті екендігі туралы қуанышты жаңалығын айтты!

Науқасты жүктілігінің ерте мерзімінен бастап босанғанға дейін кезеңде әйелдер консультациясының дәрігерлері, ИРМ, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері және біз онкологтар бақылауда ұстады. Науқаста түсік тастау және мерзімінен бұрын босану қаупі бар болғандықтан, ИЖМЖ (истмико-жатыр мойны жеткіліксіздігі, яғни истмус пен жатыр мойнының сәтсіздігі) түзетуі жасалды. 2020 жылғы 19 тамызда әйел көптен күткен ұлын босанды. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында жаңа технологияларды, оның ішінде гинекологиялық қатерлі ісік кезінде ағзаны сақтау оталарын енгізу үшін барлық жағдай жасалған», - деді «ҚазОжРҒЗИ» АҚ-ның онкогинекология орталығының басшысы Ерлан Кукубасов.

«ҚазОжРҒЗИ» АҚ жағдайында науқасқа кесар тілігі жасалды.

Салмағы 2430 грамм, бойы 46 сантиметр болатын бала дүниеге келді. Ана мен баланың жағдай жақсы болғандықтан үйге шығарылды.

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырымен ауыратын 1800-ге жуық жаңа науқас анықталады және бұл аурудан 600-ге жуық әйел қайтыс болады.

Гинекологиялық обырдың, оның ішінде жатыр мойны обырының алдын алу үшін әйелдерге жыл сайын гинекологтан тексеру ұсынылады. Сондай-ақ, 30 жастан 70 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдеріне жатыр мойны обырына тегін скринингтен өтуге болады. Скрининг тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

«Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы жатыр мойны патологиясын ерте анықтау үшін тегін онкоскрининг жүргізілуде. Яғни, 30 жастан бастап әр әйел жыл сайын онкоцитологияға (пап-тест) жағынды тапсыруы керек. Бұл кез – келген емханада тегін жасалады. Сондай - ақ, жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында гинекологтың қарау кабинетінде кәсіби тексеруден өтуге болады. Мұны үнемі жасап отыру керек», - дейді «ҚазОжРҒЗИ» АҚ-ның Басқарма Төрайымы, ҚР ДСМ бас онкологы, м.ғ.д., Диляра Қайдарова.

Сондай-ақ, Қазақстанның вакцинация күнтізбесіне әйелдердің жатыр мойны обырын тудыратын адамның папилломавирусына (HPV) қарсы егу енгізілген. Вакцинация жыныстық белсенділіктің алдында жасалуы керек. HPV вакциналары ерікті және тегін болады.
...
kursiv.kz




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 00:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31