Денсаулық

Қазақстанда балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленді

  • Қазақстанда балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленді

    Қазақстанда балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленді

 Бұрын Қазақстанда ересектер, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеудің бірыңғай хаттамасы болды

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі балаларды COVID-19 инфекциясынан емдеудің жаңа клиникалық хаттамасын әзірледі. Ол осы аптада бекітілуі мүмкін. Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, енді Қазақстанда коронавирустан емдеудің үш хаттамасы қолданыста болады. Біріншісі ересектерге арналған, екіншісі жүкті әйелдер үшін, ал үшіншісі балалар үшін.

"Балалар арасында COVID-19 емдеудің клиникалық хаттамасы әзірленді. Ол жуырда, соңғы екі аптада әзірленді. Бұрын Қазақстанда ересектер, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеудің бірыңғай хаттамасы болды. Соңғы екі апта ішінде біз бөлек хаттама әзірлеумен айналыстық", - деді Боранбаева онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол жаңа клиникалық хаттама осы аптада бекітілуі мүмкін екенін жеткізді. Айтуынша, хаттамаға Кавасакиге ұқсас синдром енгізілген.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 252    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.08.2020, 19:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31