Денсаулық

Қазақстанда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды: нені білген жөн

  • Қазақстанда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды: нені білген жөн

    Қазақстанда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды: нені білген жөн

Жаңа қаулыда Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу мен "сары/қызыл" мәртебесі бар келушілер анықталған кезде шара қолдану туралы да айтылған

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасын іске асыру шарасы кеңейтілетін болады. Атап айтқанда:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; спа-орталықтары; сауна, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; боулинг клубтары; кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары; концерт залдары; ерікті қатысушылар; караоке; көрмелер; океанариум;
  • марафондар; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы; Алматы қаласының әуежайы;
  • Шымкент пен Түркістан қаласының (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) және 2021 жылғы 7 маусымнан бастап Ақтау мен Қостанай қаласының әуежайы; лотерея клубтары мен лотерея сататын өзге де орындар Ashyq жобасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар жаңа қаулыда Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын іске асыру алгоритмі және "сары/қызыл" мәртебесі бар келушілер анықталған кезде шара қолдану туралы да айтылған.

Сондай-ақ, қатысушыларды Ashyq жобасынанан шығару тәртібі де қаулыда жазылған.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкент қаласының көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлері төмендегідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек:

  • Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлерінің сақталуын бақылау;
  • Ashyq жобасына қатысушылардың өтініштерін аймақтық кәсіпкерлік палаталарда қарау сатысында үйлестіру;
  • Ashyq жобасын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын талаптардың бұзылу фактілері бойынша және шектеуші және карантиндік шараларды бұзған адамдарға қатысты жобаға қатысушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және толық мәтінмен мына сілтемеге өтіп танысуға болады.




Көрілген: 3050    Пікірлер: 0

сенбі, 22.05.2021, 21:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31