Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды
Қазіргі кезде коронавирус пен ковидтік пневмониядан 30 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр, оның 10 мыңнан астамы инфекциялық стационарларда
Қазақстанда өткен тәулікте 15 адам коронавирусты инфекциядан, 5 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте елімізде коронавирусты жұқтырған 2 586 адам тіркелген. Коронавирус белгілері бар пневмония 100 адамда анықталды, алайда олардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен.
Министрліктің мәліметі бойынша 29 655 адам (28 794 КВИ+ и 861 КВИ-) коронавирусты инфекциядан ем қабылдап жатыр, оның 10 828-і - стационарда. 18 827 науқас үйде емделуде.
КВИ+ және КВИ- бойынша:
- ауыр жағдайда – 522 пациент,
- аса ауыр хәлде – 151 науқас;
- 87 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Өткен жылдың 1 тамызынан ковид белгілері бар пневмонияның 51 055 жағдайы тіркелді, бұл дерттен 718 адам көз жұмды. 49 476 адам жазылды.
Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус 261 503 адамда анықталған, 3 171 адам көз жұмған. 229 538 пациент жазылып шықты.