Денсаулық

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады

  • https://total.kz/

    https://total.kz/

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады. Соның аясында дәрігерлердің жалақысын жарты миллион теңгеге дейін өсіру жоспарланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бағдарламаның маңызды бір бағыты – адам капиталын дамыту. Соның аясында медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттырып, биомедициналық зерттеулер нарығын дамыту жоспарланған.

"Жалақыны арттырып, әлеуметтік қолдауды күшейту, кәсіби жауапкершілікті қорғау арқылы медициналық қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланған. 2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 2,5 есеге артады және ауылдарды медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 13 процентке өседі. Клиникалық зерттеулер 2 есеге артады", - деді Біртанов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте дәрігерлердің бес жылдан кейінгі нақты жалақысы да көрсетілген. Оған сәйкес, 2025 жылда дәрігерлердің орташа жалақысы 550 000 теңгеге жетпек.

Айта кетейік, бүгін министрлер кабинеті 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жобасын бірауыздан мақұлдады.

 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2019, 18:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30