Денсаулық

Қазақстанда желтоқсан айында локдаун енгізілуі мүмкін: Министр 3 сценарийді атады

  • Қазақстанда желтоқсан айында локдаун енгізілуі мүмкін: Министр 3 сценарийді атады

    Қазақстанда желтоқсан айында локдаун енгізілуі мүмкін: Министр 3 сценарийді атады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус эпидемиясының өсуінің үш сценарийін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, Қазақстанда эпидемияның өсуі үш сценарий бойынша жүруі мүмкін, оны түзету апта сайын жүзеге асырылады.

 «Пессимистік сценарий бойынша, егер тек 60 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілсе, 2020 жылғы қазан-желтоқсанда тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамды құрайды. 65 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Желтоқсан айының ортасына дейін локдаун енгізуді болжап отырмыз.

Екінші шынайы сценарий бойынша, әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету шараларын және 70 пайыздық маска режимін қамтамасыз ете отырып, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында болжамды жағдайлардың саны 90 мың адамды құрайды. Ауруханаға 30 мың адам жатқызылады. Локдаун қаңтарда енгізіледі деп болжануда.

Егер біз маска режимін 100 пайызға қамтамасыз ете отырып, қашықтықты сақтау ережелерін сақтайтын болсақ, науқас орнының максималды сыйымдылығы 70 пайызға жеткенде қатаң карантинге жүгінудің қажеті болмайды. Осы оптимистік сценарий бойынша 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 40 мың адамды құрайды, 15 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді», - деді Цой коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.

Stan.kz




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 19:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31