Қазақстанда жылына 33 мың адам онкологияға шалдығады – дәрігер

20 сәуір 2022, 18:35

Облыстық онкодиспансер диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Борисенконың айтуынша, онкологиялық аурулар – әлемдік денсаулық сақтаудағы, оның ішінде ҚР-дағы өзекті мәселелердің бірі, өйткені өлімнің жалпы құрылымында жүрек-тамыр жүйесі ауруларынан кейін екінші орынды алады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 
«Әлемде жыл сайын 18 миллионнан астам адам онкологияға шалдығады, ал Қазақстанда 33 мың, Павлодар облысында 2300-ге жуық жағдай тіркеледі. Павлодар облысында диспансерлік есепте 12300 пациент тұр», - деді Сергей Борисенко.


Ол Павлодар облысында бірқатар скринингтік бағдарламалар тұрақты негізде жұмыс істейтінін еске салды.  

Онкологиялық аурулармен күресте ерте диагноз қою маңызды рөл атқарады. Ісік неғұрлым тез анықталса, оны жеңу оңайырақ болады.

Егер ісік аурудың бірінші сатысында анықталса, онда тек операция жасау жеткілікті болады (қазіргі уақытта хирургиялық араласудың көп бөлігі минималды инвазивті хирургия деп аталады, яғни пункция арқылы және органды сақтап қалу операциялары арқылы жүзеге асырылады), өйткені хирургиялық емдеу әдісі көп жағдайда негізгі болып табылады.

Егер ісік үшінші сатысында немесе одан да нашар болса, онда емдеудің қарсы көрсетілімдері болмаған кезде кешенді терапия қажет, бұл - радиациялық терапия және ұзақ мерзімді химиотерапия. Ал кейінгі сатылардағы болжамдар әлдеқайда нашар болуы мүмкін.

«Барлық онкологиялық аурулардың басты мәселесі - аурудың бастапқы кезеңдеріндегі асимптоматикалық ағымы. Көбінесе адамдар денсаулығының нашарлағанын және басқа да ұсақ белгілерді байқамайды. Онкологияның тағы бір ерекшелігі – кез келген адам ауырып қалуы мүмкін», - дейді дәрігер.
Ол әлемде онкологиямен ауыру жылдан-жылға артып келетінін айтты. Барлық емханаларда симптоматикалық паллиативтік көмек көрсету бойынша «мобильді бригадалар» құрылды. Сондай-ақ Павлодарда хосписте паллиативтік көмек орталығы бар, онда стационарды көмек көрсетіледі. 

«Аурулар бойынша бірінші орында сүт безі ісігі, екінші орында өкпе ауруы, содан кейін тері мен асқазан, колоректальды қатерлі ісік, жатыр мойны ісігі тұр. Тек Павлодар облысында ғана емес, Қазақстанда да сүт безі ісігі кең тараған», - деді бөлім меңгерушісі.
Қатерлі ісікте нақты белгілері болмайды. Яғни, ол басқа аурулардың астында жасырылады, тек диагностикадан кейін анықтауға болады.

Дәрігер ауруды ерте кезеңде жеңуге болатынын атап өтті. Егер диагноз қойылса, оны әдеттегідей қабылдап, аурумен күресу керек деп санайды.

Сергей Борисенко тұрғындарды жоспарлы медициналық және скринингтік тексерулерден өтуге, денсаулығына байланысты қандай да бір мәселе  туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.