Денсаулық

Қазақстанда қайта вакцинациялау бола ма: Вице-министр айтты

  • Қазақстанда қайта вакцинациялау бола ма: Вице-министр айтты

    Қазақстанда қайта вакцинациялау бола ма: Вице-министр айтты

ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов қайта вакцина салу туралы пікір білдірді. Сөзінше, вакцинадан кейінгі антидене 2 жылға дейін сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысы да аралық вакциналауға, яғни қайталап вакциналауға қажет көлем дайындауды тапсырған болатын. Біз вакцинаны дайындаған тараптардың бәрімен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Вакцинаны әзірлегендерге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ревакцинация бойынша вакцинаның түрі мен типіне байланысты нақты ұстанымдарын сұрап, тиісті сауалдар жолдадық. Қазір әлемде ревакцинацияға жүгінген елдер бар. Бірақ, өкінішке қарай, бұл мәселеде бірыңғай талап немесе тәсіл жоқ. Дамыған елдердің бір қатары былтыр қараша айында вакцинаны бастап кеткен еді. Олар вакцинация циклінде 10 айдан астам уақыт жүр. Осы уақыт ішінде ұжымдық иммунитет түскендіктен ревакцинация мәселесі өзекті болып тұр", – дейді министр орынбасары. 

 
Оның айтуынша, еліміздегі вакциналаудың ең қарқынды кезеңі мамыр мен тамыз айларына келген.

“Біздің жағдайымызда вакцинация ақпан айында басталды. Вакцина алғандардың негізгі бөлігі мамырдың соңы мен тамыз айында екпе қабылдады. Осы кезеңде 4,5-5 млн адам вакцина алған. Біздің ұжымдық иммунитетіміз, вакцинаның иммунитеті әзірге тұрақты. Оған қазір елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтана бастағаны дәлел", – деп қосты Шоранов. 

Бұған қоса, вице-министр вакцинадан кейінгі антидене қанша уақытқа сақталатыны жайлы пікір білдірді. 

"Естеріңізде болса, вакцинация басталған кезде өндірушілерден түрлі ақпараттар түскен еді. Яғни вакцинаның иммунитеті оның түрі мен типіне қарай 1 жылдан 2 жылға дейін сақталатыны айтылған болатын. Бұл ақпарат ресми жарияланған еді. Вакцинация басталған кезде вакцинаның иммунитеті, ұжымдық иммунитет қанша уақытқа созылатынын болжау қиын болғанын ескеріп, қазір осы мәселені жұмыс тобында қарастырып жатырмыз. Қайта вакцина алуға ниеттілер бар екенін білеміз", – деді министрлік өкілі. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация қашан басталатыны жайлы айтылған еді. 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 10:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31