Денсаулық

Қазақстанда коронавирус өршіген кезде неге парацетамол болмады?

  • Қазақстанда коронавирус өршіген кезде неге парацетамол болмады?

    Қазақстанда коронавирус өршіген кезде неге парацетамол болмады?

 Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Нұрлыбек Асылбеков коронавирустық ауру басталған кезде неге парацетамол тапшылығы болғанын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шымкенттегі зауыттан бастайық. Бұл жеке зауыт жеке меншіктің қарамағында, сондықтан олар нарықтық тұтынуға сәйкес дәрі-дәрмек өндірісінің номенклатурасын өздері анықтайды. Ауру жиілеген кезде, эпидемиялық жағдай туындаған кезде, парацетамол және басқа ыстық түсіретін дәрілерді қолдану көбейді. Бізде олар әрқашан жеткілікті болды. Отандық фармацевтикалық нарық, бірыңғай дистрибьютордан басқа да бәсекелестер бар. Дегенмен, нарықтың сұранысы толықпен қанағаттандырылады", - деді Нұрлыбек Асылбеков.

Спикер денсаулық сақтау министрлігі әрдайым отандық өндірушіні қолдауға дайын екенін қосты.

"Олар шығарып жатқан парацетомол, аспиринді сынды ыстықты төмендететін препараттар тапшы болмады. Бұл кезде халық сұранысты күрт арттырып, жасанды жолмен тапшылық тудырды. Парацетамол дәріханалар мен қоймаларда мың есе өсті. Біздің өндірушілер өз мүмкіндіктерін арттырды", - деп толықтырды ОКҚ брифингінде Нұрлыбек Асылбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін министрлік қазақстандықтардың неге отындақ өнімдерге сенбейтінін түсіндірген.

Stan.kz




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 18:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31