Қазақстанда коронавирусқа қатысты қандай қаулылар күшін жойған жоқ

26 сәуір 2022, 10:38

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа қатысты қандай ережелердің әлі де күшінде екенін және қандай қаулы күшін жойғаны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
«Өңірлерге барған сапарларым кезінде халық ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларына (бұдан әрі - Қаулы) сілтеме жасап, көптеген сұрақтар қойды. Осыған байланысты барлық өзекті қаулыларды көрсете отырып, осы жазбаны қалдыруды ұйғардым», - деп жазды Айжан Есмағамбетова Facebook-парақшасында.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөнінде 10 қаулы бар, оның ішінде 6 негізгі қаулы және 4 негізгі қаулыға өзгерістер енгізу.

Қаулылар 6 бағытта бөлінген:

1. КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу жөнінде 4 қаулы қолданыста, оның ішінде негізгі қаулы – 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулы, оған 2022 жылғы 24 қаңтардағы №6, 2022 жылғы 18 ақпандағы №11, 2022 жылғы 25 наурыздағы №17 қаулылармен өзгерістер енгізілді.

Қаулылармен КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу алгоритмдері, егілуге тиісті контингент және КВИ-ге қарсы вакциналарды сақтау және тасымалдау қағидалары бекітілді.
2. Вакцинация паспорттарын өзара тану жөнінде 2 қаулы қолданыста, оның ішінде негізгі қаулы – 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулы, оған 2022 жылғы 18 наурыздағы №15 қаулымен өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі таңда әлемнің 33 елімен (Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония) өзара паспорттарды тануға қол жеткізілді.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөнінде 2 қаулы бар, оның ішінде негізгі қаулы – 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулы, оған 2022 жылғы 18 ақпандағы №11 қаулымен өзгерістер енгізілді.

Қаулылармен шетелден ҚР-ға келетін адамдарға қатысты талаптар және COVID-19 ауруымен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және ҚР-ға авиарейстермен келген адамның, теміржол, теңіз, өзен көлігімен және автоөтпе жолдарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы шетелден келген адамдардың қолхаттарының нысандары бекітілді.
4. Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының профилактикалық шараларын бекіту жөнінде 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулы қолданыста.

Қаулымен объектілер қызметінің, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс режимінің, КВИ-дің зертханалық диагностикасын жүргізудің, науқасқа, байланыста болған адамға қатысты профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу алгоритмдері бекітілді.

5. «Ashyq» жобасын одан әрі пайдалану жөнінде 2022 жылғы 14 наурыздағы №14 қаулымен «қызыл» мәртебесі бар келушілер анықталған кезде шаралар қолдану алгоритмі және «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітілді.

Бүгінгі таңда эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарындағы объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану тоқтатылды.
6. Білім беру ұйымдарының қызметі жөнінде 2022 жылғы 19 сәуірдегі №20 қаулы қолданыста, қаулымен шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта білім беру ұйымдарының, колледждер мен жоғары оқу орындарының, интернаттар мен жатақханалардың жұмысына, білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар бекітілді.

Қазіргі уақытта педагогтардың, персонал мен білім алушылардың міндетті түрде маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, күнделікті «кіру» сүзгісіне (байланыссыз термометрмен қызу өлшеу), эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес (төмен және қалыпты эпидемиологиялық тәуекел) «жасыл» және «сары» аймақтардағы кабинеттік оқыту жүйесіне қойылатын талаптар жойылды.

Көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу алынып тасталды.

Білім беру ұйымдарының педагогтары мен персоналын 100% вакцинациялауға қойылатын талаптар алынып тасталды.

Сондай-ақ маска режиміне, әлеуметтік қашықтыққа және күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізуге қойылатын талаптар, «Ashyq» қосымшасын пайдалану, кабинеттік оқыту жүйесін жою, сондай-ақ көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу өңір «қызыл» аймаққа (жоғары эпидемиологиялық тәуекел) ауысқан кезде ғана енгізілетін болады.

Қалған ҚР-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылған.