Денсаулық

Қазақстанда коронавируспен бірге көздің жұқпалы тұмауы өршіп тұр

  • Қазақстанда коронавируспен бірге көздің жұқпалы тұмауы өршіп тұр

    Қазақстанда коронавируспен бірге көздің жұқпалы тұмауы өршіп тұр

Коронавирустың пандемиясына байланысты көптеген аурулар екінші орынға қалып қойды. Бірақ бұл ол аурулардың азайғанын білдірмейді. Дәрігерлер әлі де аурумен күресті жалғастыруда. Осылайша, карантин кезінде көз ауруларымен көптеген шағымдар келіп түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп хабарлайды.
алматы

Көз ауруларының ішіндегі аденовирустық конъюнктивитпен шағымданғандар ерекше көбейген. Бұл ауру көз шырышын зақымдайды және ем-дом шараларын дұрыс жүргізбеген жағдайда адам көрмей қалуы мүмкін. Ал кейбір шетелдік мамандар конъюнктивит COVID-19 белгілерінің бірі болуы мүмкін деп санайды. Бұл туралы қазақстандық офтальмологтар пандемия кезінде көзіңізді ерекше қауіпсіздікте ұстауды ескертеді.

Көз ауруларын емдейтін ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері пандемия кезінде микроптар мен актерияларды өлдіру үшін үй жағдайында бактерияға қарсы лампаларды пайдаланған. Бірақ қалай қолдану керектігін білмеген тұрғындар көздерін зақымдаған.

"Кварцтық лампаның әсерінен көзіне қатты зақым келген бірнеше жағдай тіркелді. Ондай лампаларды үй жағдайында қолдау өте қауіпті. Өйткені үй жағдайында мүлде қолдануға болмайтын түрлері бар. Тіпті, 8 айлық бала кварцтық лампаның қасында үш сағат жатып көзін күйдірген жағдай тіркелді", - дейді көз ауруларын емдейтін ғылыми-зерттеу институтының бас дәрігері Эльмира Қанафияқызы.

Офтолмологтар коронавирустан бөлек тағы бір жұқпалы аденовирустық инфекциясының өршуі мүмкін деп хабарлайды. Көз грипі атанған бұл ауру жыл басынан бері мыңдаған адамның көзін зағымдаған.

"Бұл инфекция осы жылы ерекше өршіді деп айтуға болады. Инфекциялық микс болды деп айтсақта болады. Агрессивті түрде дамып жатқан инфекция, өте көп адам осы инфекциямен түсті. Сол үшін көптеген адам көзі көру деңгейін төмендетіп алды", - дейді Эльмира Қанафияқызы.

Сарапшылар коронавирстың аденовирустық конъюнктивиттің өршуіне сепбепші болғанын жоққа шығармайды.

"Осыдан бірақ бұрын менің көзім тіпті көрмей қалды. Ауруханаға келген бойда бірден ота жасауға дайындады. Дәрігерлердің айтуынша ота өте сәтті өткен. Өзімді бірқалыпты сезінемін", - дейді Раиса Ақпейісова.




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 11:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31