Денсаулық

Қазақстанда қызылшаның жаңа мутациясы тарала бастады

  • © Informburo.kz

    © Informburo.kz

Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин қызылшаның қаупі туралы айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бас санитардың айтуынша, қызылшаның инкубациялық кезеңі 20 күнге дейін созылады. Осы уақыттың ішінде қызылшасы бар адам басқа біреуге ауруды оп-оңай жұқтыра алады. Себебі вирус ауа арқылы таралады және науқас отырған жерде екі сағатқа дейін сақталады.


Инкубациялық кезең болғанда адамның өзі қызылшамен ауырып жүргенін білмеуі де мүмкін. Сондықтан мектепке, дүкенге, жұмысқа және басқа да қоғамдық жерге барып, вирусты таратып жүре береді.


Ал екпе алмағандар оны 90 процентке жұқтыра алады.


«Қызылшаның генетикалық тармақтары, яғни мутацияға жататын Dublin және Kabul тармақтары бар. Осы екі серотип Қазақстанда ешқашан болған жоқ. Мәселен, Астанада ең ауыр 18 жағдайды зерттегенде сол адамдардан Kabul-дың 70 проценті және Dublin-нің 30 проценті шықты. Kabul серотипі, көбінесе, Азиядан келеді. Ал Dublin Еуропа елдерінде жиі кездеседі. Бәрі сол жақтан келіп жатыр», - деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Комитет төрағасы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты xалық көп жүретін жерге бармауға кеңес берді.


«Әсіресе, кішкентай баласы бар аналарға, сондай-ақ, екпе алмаған азаматтарға сауда орталықтары сияқты адам көп жүретін жерге бармау қажет. Ал барып қалсаңыз, вирусқа қарсы шараларды қолға алған жөн. Жақпа май жағып, бетперде киіп шығыңыз. Негізі, қызылшаға қатысты эпидемилогиялық жағдай тұрақталғанша үйде отыра тұрғаныңыз дұрыс. Жалпы, осы уақытта имунитетті күшейту керек. Көкөніс пен жемістерді жиі жеп, қосымша дәрумендерді қабылдау керек. Сосын таза ауада көбірген жүрген жөн», - деп атап көрсетті Ж.Бекшин.


Ал дене қызуы көтеріліп, тұмау, жөтел, бөртпе немесе тамақтың ауырғаны сияқты симптомдар болса, бірден дәрігерге көріну керек. Қызылша ауруы пневмония, бронxит пен энцефалитке дейін асқынып, қайғылы жағдайға себеп болуы әбден мүмкін.


Айта кетейік, комитет төрағасы қызылша ауруына қатысты кезекті бақылау шараларының нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, Астана қаласында қызылшаның көрсеткіші орташа деңгейден асып кеткен.


Соңғы бір аптаның ішінде республика бойынша қызылшаға 438 адам шалдыққан. Олардың ішінде 282 адам - 14 жасқа дейінгі балалар. Осылайша, қызылшамен ауырып қалғандардың 65 проценті балалардың арасында тіркеліп отыр.


Астанада он адам жансақтау бөлімінде жатыр.


Республика бойынша қызылша ауруы, көбінесе, екпе алмаған балалардың арасында жиі кездеседі. Олардың үлесі 60 процентті құрап отыр. Балалардың көбісі екпе салатын жасқа - 12 айға жетпеген. Осыған байланысты биыл қызылшаға қарсы екпені 9 айдан бастап салуға шешім қабылданды.


 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.03.2019, 17:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30