Денсаулық

Қазақстанда постковидті пандемия болуы мүмкін

  • https://rg.ru/

    https://rg.ru/

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ОКҚ өткен онлайн-брифингте екпе салдырғанша коронавируспен ауырған дұрыс емес пе деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Журналистердің сөзінше, дәрігерлер коронавирус кезінде әртүрлі жанама асқынулар пайда болуы мүмкін екенін айтады. Соның ішінде жүрек-қан тамыр жүйесіндегі асқынулар.

 

Осыған байланысты БАҚ өкілдері коронавирустан кейінгі кезең қалай болатынын сұрады.

 

Ләззат Ералиеваның айтуынша, адамзатты постковидті пандемия күтіп тұр.

 

"Адамзатты дәрігерлер коронавирус инфекциясының зардаптарымен бетпе-бет келетін постковидті пандемия күтіп тұр. Оның қандай салдары барын біз қазір білеміз &ndash олар әртүрлі. Неврологиялық өзгерістер, жүрек ақауы жатады. Қазірдің өзінде COVID-19 көп жағдайда қатерлі ісік ауруларының дамуына түрткі болатыны белгілі", - деді Ерәлиева.

 

Ол коронавируспен ауырып шыққан адамдарда шаршаңқылық, ұйқысыздық, түнде кенеттен үрейлену сияқты неврологиялық өзгерістер байқалатынын атап өтті.

 

"Сол себепті екпе ектіргеннен гөрі ауырып шыққан дұрыс деп ойлау &ndash мүлде қате пікір", - деді профессор.

 

Еске сала кетсек, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әсел Қалықова коронавирус пандемиясы жеті жылға созылады деген ақпаратқа пікір білдірген болатын.

 

Оның сөзінше, пандемияның жеті жылға созылуы мүмкін емес.

 

 

 

 




Көрілген: 2825    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30