Денсаулық

Қазақстанда тағы бір ресейлік вакцина тіркелді

  • Қазақстанда тағы бір ресейлік вакцина тіркелді

    Қазақстанда тағы бір ресейлік вакцина тіркелді

Қазақстанда ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

"2021 жылы 12 шілдеде медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді. "Спутник Лайт" Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына және ҚР үкіметінің "COVID-19 қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысы негізінде тіркелді", - делінген комитет хабарламасында.

 
Вакцина өтініш беруші өндіруші елде тіркелген және вакцина өндірушінің өндірістік алаңына GMP талаптарына сәйкес келеді. Комитет уақытша тіркеу куәлігін 8 ай мерзімге берген. "Спутник Лайт" - SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясын алдын алуға арналған векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді. 0,5 мл/доза, Ресей федерациясы шығарған. Вакцина – "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті.

"Спутник Лайттың" тиімділік көрсеткіші иммундауды алғаннан кейінгі 28-ші күннен бастап 79,4%-ды құрайтынын атап өткен жөн."Спутник Лайт" салынғаннан кейін елеулі жағымсыз реакциялар тіркелмеген", - дейді комитет.

Бүгінгі таңда "Спутник лайт" - Қазақстанда қолдануға рұқсат берілген бесінші вакцина. Бұған дейін елімізде "QazVac", "Спутник V", "Hayat-Vax" және "Коронавак" вакциналары қолданылып келген еді.

Stan.kz




Көрілген: 1032    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 22:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30