Екі екпе де клиникаға дейінгі зерттеулерден өтіп, толығымен қауіпсіз екпе деп танылды.
Бұл туралы вирусолог-вакцинолог, профессор Қайсар Табынов мәлімдеді , деп хабарлайды Экспресс К.
Вакциналар денсаулық министрлігіне қарасты сынақ зертханасында клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті. Сынақтың бірнеше сатысы болды. Олар:
- Өткір уыттылық кезіндегі қауіпсіздік (тышқандар, егеуқұйрықтар, соның ішінде буаз жануарлар);
- Дозаны көп мөлшерде және жиі салған кездегі уыттылықтың ішкі органдарға әсер ету дәрежесі мен қауіпсіздігі (тышқандар, егеуқұйрықтар, соның ішінде буаз жануарлар);
- Аллергия реакциясы (тышқандар, теңіз шошқалары, соның ішінде буаз жануарлар).
Екі вакцина да сынақтан өтіп, толығымен қауіпсіз екпе деп танылды. Алдағы уақытта клиникалық зерттеудің I кезеңі басталады.
Осының арқасында Қазақстан вирустық инфекциялардың пандемиясына барынша дайын болады.