Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация басталады

24 қыркүйек 2022, 11:58

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2022 жылдың 19 қыркүйегінде «2022-2023 жылдарға арналған тұмау мен ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы» Қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылғы 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды.

 

Сонымен қатар,

 

* Медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету;

 

* Аумақта және ғимаратта тиісті көрсеткіштері бар кіреберісте «сүзгілерді» ұйымдастыру және жабдықтау;

 

* Келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;

 

* Мобильді бригадалардың үйде шақыруларға қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау;

 

* Медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде + 18 °с, перзентхана блогының үй-жайларында кемінде + 22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету шараларын өткізу міндеттеледі.

 

Қаулы 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.