Денсаулық

Қазақстанда вакцина алмаған мекемелерді тексеру қалай жүргізіледі

  • Қазақстанда вакцина алмаған мекемелерді тексеру қалай жүргізіледі

    Қазақстанда вакцина алмаған мекемелерді тексеру қалай жүргізіледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова ұжымдарда вакциналау көреткіші қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жобалық кеңсе вакциналау картасының негізінде кәсіпорындардың тізімін жасайды. Оған жұмысшылардың саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдыру көрсеткіші 60 проценттен төмен ұжымдар кіреді. Осы тізім жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Олар мониторингтік топты жіберіп, тексеру өткізеді", - деді Бейсенова. 

 Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері коронавирусқа қатысты болжам жасады

Оның айтуынша, мониторингтік топ тексерудің нәтижесін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне жібереді.

"Біз болсақ, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір министрліктің 47-ші бұйрығы шықты. Осы құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді. Сол күннен бастап тексерулер басталады", - деп атап өтті Бейсенова.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Cұлтан қаласы не себепті "қызыл аймақтан" шықпайтынын түсіндіріп берген болатын.

Stan.kz




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 16:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31