Денсаулық

Қазақстанда вакцина қай жастағы балаларға бірінші салынатыны айтылды

  • Фото: elements.envato.com

    Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады.

 

Жасөспірімдерге келетін болсақ, коронавирусқа қарсы екпе 16-18 жастағыларға бірінші салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов бекіткен нұсқаулықта айтылған.

 

"Бастапқы кезеңде коронавирусқа қарсы профилактикалық вакциналау 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерден басталады. Кейін (16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау аяқталғаннан кейін) 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер екпе алады" делінген.

 

Білім беру ұйымдарында (мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және т.б.) оқитын жасөспірімдерді вакциналау оқу орны бойынша жүргізілуі мүмкін.

 

Қазақстанда жасөспірімдерді вакциналау ерікті түрде және олардың ата-анасы мен заңды өкілінің алдын ала келісімімен ғана жүргізілетінін ескеріңіз.

 

Pfizer компаниясының "Комирнати" вакцинасы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы иммундау үшін қолданылады. Вакцина мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізінде жасалған, оның құрамында иммундық қорғанысты дамытатын вирус жоқ және коронавирус инфекциясын тудырмайды.

 

 

 

 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

жұма, 05.11.2021, 12:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31