Денсаулық

"Қазақстанда вакцинациялау үрдісі үш жылға созылып кетеді": Ғалымдар мен дәрігерлер Цойдың айтқаны орындалмайтынын жеткізді

  • "Қазақстанда вакцинациялау үрдісі үш жылға созылып кетеді": Ғалымдар мен дәрігерлер Цойдың айтқаны орындалмайтынын жеткізді

Қазақстанда ковидке қарсы вакцинаны салу қарқыны тура осы қалпымен жалғаса берсе, екпе науқаны үш жылға созылуы мүмкін. Кейбір ғалымдар мен дәрігерлер осылай деп дабыл қақты. Сарапшылардың айтуынша, ересектердің 50 пайызы тым құрығанда жыл соңына дейін вакцина салдырса, эпидахуал тәуірленеді. Сонда да, ұжымдық иммунитетті биыл қалыптастыруға үлгермейміз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігер Көнеевтің сөзінше, "сәуірде 2 миллион вакцина" деген Цойдың айтқаны орындалмайтыны анық. Базар мен сауда үйінде екпе салуға рұқсат берген жауаптылар жеке клиниканың мамандарын жұмылдырмаса тығырықтан шыға алмайды деп отыр.

"Егер осы темппен салатын болса, 2-3 жылда үлгермейміз. Оны тездету керек. Ол үшін жеке клиникаларды қосу керек. Біз 70 демей-ақ қояйық, 50 пайыз болса да, Қазақстанда жойылып кетер еді", - деді медицина ғылымдарының кандидаты Қайырғали Көнеев.

Сонымен қатар, Цойдың шетелдік компаниялардан 500 мың доза вакцина жеткізіледі дегені де іске аспай отыр. Яғни, әлі күнге дейін Pfizer, Johnson&Johnson, Sinovac-пен келіссөздер жүргізілуде.

Бірақ америкалық екпені сақтау жағы да, бағасы да тиімсіз, дейді вакцинология мектебінің жетекшісі. Одан да, Ресейдің "ЭпиВакКорона" екпесіне тапсырыс берген қауіпсіз екен.

"Спутник-V"Америка басқа елдердің шығарған вакцинасынан арзан. 1 дозасы 10 доллар. Ал "Pfizer"-ді сақтау үшін -80 градус мұздатқыш керек. Ондай тоңазытқыш қайда бізде?", - деді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ вакцинология мектебінің жетекшісі Сәкен Әміреев.

Денсаулық сақтау министрлігі елге екпе ойдағыдай егілуде деп есептейді. Осы күнге дейін вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 945 мыңнан асыпты. Ұжымдық иммунитет ересектердің 60 пайызы екпе алғанда қалыптасады деп отыр. Ал қыркүйекке дейін 10 миллионға саламыз деп отырған екпе үлкендердің 80 пайызын құрайды.

Сәуір айының басынан бастап "Спутник-V" вакцинасының 1,5 миллион дозасын және "QazVaс" вакцинасының 50 мың дозасын жеткізді. Қазіргі таңда елімізде вакцина қоры жеткілікті", - деді санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержана Байтаана.

Бұдан бөлек, енді 500 қазақстандық Қытайдың Hayat-Vax екпесін салдыра алады. Бүгінде Sinopharm-нан екі компоненттен тұратын 1 миллион дозасы жеткізіліпті. Сәуірдің соңына дейін тағы 400 мың, мамырда 600 мың дозасы әкелінеді.




Көрілген: 1859    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30